ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЕҢСЕСІН ТІКТЕГЕН ЕЛДІМЕКЕН

21:52, 23 қараша 2021

Диктор кадрда: Андықожа батыр ауылы. Аудан орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан құт мекен. Сонау бір жылдары тоқырауға шақ қалып, бүгінде еңсесін қайта тіктеп келе жатқан елдімекен. Инвестицияның арқасында игілікті бастамалар қолға алынды. Бірнеше әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр.  

ЖКС: Бұл ауыл мешіті. Құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен бірге мұнда замануи дәмхана мен наубайхананың құрылысы жүріп жатыр. Биыл балаларға арналған ойын-спорт алаңы да салыныпты. Сапалы ауыз су тартылып, елдімекенді көгалдандыру ісі қолға алынған.    

СНХ: МАНАРБЕК ҮМІТХАН, АУЫЛДЫҚ МЕШІТТІҢ БАС ИМАМЫ: Соңғы 2 жылда ауылымызға жан кірді. Тозып кете ме деп қорқып едік. Техника әкелінді. Жер игеріліп жатыр. Мешіт, дәмхана, наубайхана салып жатыр. Үмітпен қараймыз.  

ЖКС: Ауылды көркейту үшін қолдан келгенді жасап, инвестиция құйып жатқан «Перспектив-Строй» компаниясы. 2 жылдан бері осында еңбек етіп жатыр. 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еткен. Биыл 18 мың гектар жерге егін егіп, қуаңшылық салдарынан өнім жинай алмаған. Алдағы жоспар ауқымды. Жылқы мен асыл тұқымда мал өсіруді қолға алмақ. Сондай-ақ, әлеуметтің әлеуетін арттырау бағытындағы жобалар да баршылық.

СНХ: ОРАЗАЛЫ БОТАБЕКОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Мешіт соғып жатырмыз. Халыққа кафе, пикарня салдық. Бұрын болған. Қазір жаңадан салдық, жаңа оборудование әкелдік. Шөп, жеммен көмектестесіп жатырмыз. Биыл егін шықпады. 18 мың еккенбіз, келесі жылы 25 егеміз деп, жерді дайындап қойдық. Сонымен бірге жылқы мен қара мал әкелетін ойымыз бар.

ЖКС: Қазір көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталып кетті. 8 кировец тракторы,  3 бюллер, 6 егу кешені мен жүк тасығыш көліктер бар. 

СНХ: ЕРКІН АЙТҚОЖИН, ИНЖЕНЕР: Қазір дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Көктемге техника дайындап жатырмыз. Сонымен бірге қар тазалауға шығамыз. 5-6 адам техника жөндеп жатырмыз. 

ЖКС: Бұл күні «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында аудан әкімі Достанбек Есжанов Донской ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, бірқатар мәселелерді ортаға аслды. Андықожа батыр ауылының тұрғындары жол мәселесіне назар аударуды сұраса, Тасшалқарлықтар жайылым жерлердің жетіспейтінін алға тартты. Бірақатар сұрақтар бойынша шешім қабылданды.  

СНХ: ТАНАТ МҰҚАНОВ, ДОНСКОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Биыл освещение жасалды. Алда жоспар көп.  Келесі жылы ауыл ішіндегі жолдарды асфальттаймыз. Сонымен бірге Тасшалқар ауылына балалар спорт алаңын саламыз деп отырмыз. Биыл Андықожа батыр ауіылына салдық. Тағы бірнеше көшені жарықтандыру жоспарда бар. ////

ЖКС: Жолдың жобалық сметалық құраттарын жергілікті серіктестік дайындып қойған. Сондай-ақ олар үй-үйге су тартуға да көмектесіп жатыр. Болашақта тұрғындармен бірлесіп, ауылды көркейтуге күш салымыз дейді, ауыл атқамінерлері.

Берік Қайдарұлы, Дархан Мүжібаев, Көкше-Ақпарат

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...