
ДК: Өңірде эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Соңғы тәулікте 290 адамнан қауіпті індет анықталды. Облыс «қызыл» аймақта. Дерттің дендеуіне тұрғындардың сақтық шараларына бей-жай қарауы себеп болып отыр.
РКС: Аймақта эпидахуал тұрақсыз. Мәселен, Бурабай ауданында жыл басынан бері ауру жұқтырғандар саны артқан. Күніне орта есеппен 50-ден астам адам дертке шалдығып жатыр.
СНХ: СЕРАЛЫ ЖОЛДАСПАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: Бурабай ауданында инфекция жұқтырушылардың саны артқан. 12 қаңтарда 50-ден астам адам вирус жұқтырған. Дерт дендеп барады. Инфекция жұқтыру деңгейі күн сайын 2 есеге артып келеді.
ГЕО: ШОРТАНДЫ
РКС: Ал Шортандыда жағдай тұрақты. Ауданның бас санитарлық дәрігеренің мәліметінше, дерт жұқтыру деңгейі шамамен 2 процентке төмендеген.
СНХ: ҚАНАТ ТӨЛЕУҒАЗИН, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай бойынша біршама қалыпты. Қазіргі күні коронавирус бойынша Шортанды ауданы жасыл аймақта. Алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,4 процентке кемігенін байқадық.
РКС: Облыстың санитарлық қызметінің деректері бойынша, аймақта 29 мыңнан аса адам вакцинаның үшінші дозасын алған. Олардың ішінде QazVac вакцинасын 29414, Sinofarm (Hayat+VeroCell)- 415, Спутник V-ді –77, Corona Vac – 12, Комирнати вакцинасын 37 адам алған.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ