ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Толығырақ

ЭПИДАХУАЛ ТҰРАҚТАЛАР ЕМЕС

19:53, 17 ақпан 2021

ДК: Өңірдің соңғы тәуліктерде эпиджағдайы біршама тұрақталып, бірер күн бұрын ғана сары аймаққа өткені белгілі. Десе де, Көкшетау қаласы бойынша вирус жұқтыру дерегі әлі де азаймай отыр.  

РКС: Көкшетау қаласындағы эпидахуал әлі де тұрақсыз. Қауіпті індет басталғалы бері қала бойынша зертханалық түрде расталған 5894 жағдай тіркелді. Өкінішке орай 50 тұрғын қауіпті індетті жұқтырудың салдарынан қайтыс болды. 

СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ  БАС ДӘРІГЕРІ///аударма///Өткен тәулікте қала бойынша 21 жағдай анықталды. Оның 17-сі симптомды,  4-симптомсыз. Өткен аптамен салыстырғанда, осы жұмада вирус жұқтыру дерегінің 2 есеге төмендегені байқалады. 

РКС: Сондай-ақ, індет басталғалы бері мектеп оқушылары арасында 431 жағдай тіркелді. Оның 165-і штаттық режимдегі білім алушылар болса, 266-ы қашықтан оқитын балғындар. 16 ақпанда  уақытша жабылған  11 білім ошағы жұмысын қайта бастады. Ал 3 мектеп білім беру үрдісін қашықтан оқыту форматында жалғастыра береді. Қауіпті індеттің алдын-алу мақсатында жасалған бұл шара оқушылар арасындағы вирус жұқтыру дерегінің 3 есеге төмендеуіне сеп болған.

СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ  БАС ДӘРІГЕРІ///аударма///Инфекциялық стационарда 293 науқас ем алуда. Айта кету керек, өңір қызыл аймақтан сары аймаққа ауысқан күннің өзінде де 14 күндей карантиндік қатаң бақылауда болады.

РКС: Күні бүгінге дейін мобильді топтар 1514 нысанға рейд жүргізді. Оның  барысында  карантиндік талаптарға бағынбаған 52 дерек тіркелген. Нысан иелеріне 9,7 милллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
19:40, 2 наурыз 2021
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛЕДІ
Толығырақ...
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:39, 2 наурыз 2021
МЕКТЕП: САНИТАРЛЫҚ САҚТЫҚ ҮШІН 70 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
18:39, 2 наурыз 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЛАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
20:25, 24 ақпан 2021
ШАЛҒАЙДАҒЫ ЕЛДІМЕКЕНДЕРДЕГІ ТӘРТІП МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...