ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАССЕЙН АШЫЛДЫ

20:01, 20 маусым 2022

ДК: Биыл балаларға бұрынғыдан да ерекше қамқорлық шаралары жасалып жатыр. Оның бір дәлелі  облыс орталығындағы ерекше балаларға арналған гидрооңалту бассейнінің ашылуы. Қазірдің өзінде бір мезетте 40- тан артық баланы қабылдауға мүмкіндігі бар.

РКС: Бұл орталық 3 жастан 10 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Ресейден арнайы сатып алынған құрылғының құны 2 миллион теңге. Жүріп-тұруы қиын балаларды сауықтыруға аса қажет. Сол арқылы бұлшық еттер қозғалып, мидың жұмыс істеуі жақсарады,-дейді орталық мамандары.

СНХ: ГҮЛЖАЙНА БОРАНОВА, ҚОР ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ, ДЕФЕКТОЛОГ:  Бұл бассейінге мүмкіндігі шектеулі, ерекше балаларды қабылдаймыз. Жүзу барысында жеке тренерлер жұмыс істейді. Әр ерекше бала жеке-жеке жаттықтырушымен жұмыс жасайтын болады. Мақсатымыз баланы жүзуге үйрету ғана емес, мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік ортаға бейімделуі және тірек-қимыл қозғалыс аппараттарына көмек ретінде.+скл+02:07+Біздің қаладағы ерекше балаларға арналған алғашқы бассейн. Ерекшелігімаіз жатықтырушылылар арнайы Ресей мемлекетінде оқытылды балалармен жеке жұмыс жасайды.

РКС: Жаттықтырушылар баланың қимыл-қозғалыс жасауы үшін зақымдалған буындарына түрлі жаттығулар жасайды. Мамандардың айтуынша, балалар суда өздерін өте жақсы сезінеді. Себебі зақымдалған мүшелердің жүктемелері төмендейді

СНХ: ӘЛИЯ РАҚЫМБЕКОВА, «ЕРЕКШЕ ӨМІР» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біз ерекше балаларды түрлі жерлерде қабылдау кезінде  проблемаларға тап боламыз. Мұның себебі жұмыстың ауырлығы, жауапкершіліктің көптігі және олармен жұмыс істей алмайтындықтан.  Сол себепті ондай балалар сырт қалып жатады. Осы мәселелерді ескере отырып, өзім де ерекше бала тәрбиелеп отырғандықтан, қалаға осындай орталық керек деп шештік. Аутизмі бар балаларға су жылдам ойлауға, тез бейімделуге, түсінуге мүмкіндік береді. Тіпті кейбірінің сөйлеу қабілеті де жақсара түседі. Сонымен қатар ДЦП диагнозы бар балалардың кейбірі жүре бастайды.

РКС: Емдеу ұзақтығы сырқаттың күрделілігіне байланысты, орташа есеппен бір курс 10-нан 20 күнге дейін созылады. Курсты жылына 2-3 рет қайталау қажет.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...