
ДК: Облыс орталығында «Мерген» спорт клубының әкімшілігі өңір спортшыларымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырды.
РКС: «Мерген» спорт клубының өкілдері облыстық №1 арнайы мектеп-интернатының қабырғасында өткен шарада балғындар қызықты ойындарға белсене атсалысты. Балалардың ойынға берілгендігі соншалық, үздік болуға тырысып, шараның көрігін қыздыра түсті.
ИНТЕРШУМ: арқан тарту
СНХ: ИГОРЬ ВИСИЛИНЧУК, «МЕРГЕН» СПОРТ КЛУБЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балалар жылы аясында, Балаларды қорғау күні қарсаңында осындай игі шара өткізсек деген ой келді. Былтыр бізде жаңа бөлім ашылған еді, қазіргі уақытта онда ерекше қажеттілігі бар 82 бала жаттығады. Ал бүгін осы балапандар үшін ерекше мереке ұйымдастыруға тырыстық.
РКС: Жарысқа қатысушылар эстафеталық жарыстан ұйымдастырылған байқауда ерекше белсенділік танытты. Командалық рухтың қандай екенін сезінгендей болды. Бұл күні барлық балғынға тәтті сыйлық үлестірілді.
СНХ: ДӘУРЕН ШӘРІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ №1 АРНАЙЫ МЕКТЕБ-ИНТЕРНАТЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Балалардың бүгінгі көңіл-күйі керемет. Жаңа кейіпкерлермен өзара іс-қимыл танытуда белсенді екендерін көрдік. Санаулы күндерден соң Балалардың шаттыққа толы мерекесі. Биыл Президент Жарлығымен балалар жылы болып жарияланды. Мен барлық бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ тілеймін.
РКС: Ұйымдастырушылар әйгілі мультфильмдер кейіпкерлерінің персонаждары арқылы сайысмты қызықты ете түсті. Балғындардың жанарындағы бақытты сәттің ұшқынын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай іс-шаралар ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлеуметтік жағдайда тезірек бейімделуіне жақсы әсер ететініне сөз жоқ,-дейді шараны ұйымдастырушылар.
МАДИНА ТӨЛЕШЕВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.