ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ЕРІК-ЖІГЕРІ МҰҚАЛМАҒАН МАТЕМАТИК

14:26, 7 сәуір 2021

ДИКТОР: 10 жасар Ислам Олжабаев – туа біткен сал ауруына шалдыққан. Дегенмен өзіне деген сенім мен ерік-жігерінің арқасында ол белсенді өмір салтын ұстанып, алдына биік мақсаттар қойған. Жүзу мен арифметика - оның сүйікті ісі. Қайсар жанның алғашқы жетістіктері жайлы келесі материалда.

РКС: Ислам нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта оқиды. Дәрігерлер оған церебральды сал ауруымен қатар, 3-дәрежелі құлақ мүкістігі бар деген диагноз қойған.   Алайда  ата-анасы  баласының өзгелер секілді қалыпты өмір сүруі үшін бар жағдайды жасауға тырысып келеді.  

СНХ: МИНИСА КӨКЕНОВА, ИСЛАМНЫҢ АНАСЫ: //рус/// Біз жүзу спортымен  кәсіби тұрғыда айналысамыз. Біз оның білімін де көтерейік деп шештік. Ол тек бірінші сыныпқа барғанда ғана сөйлей бастады. Бұл оның ести алмауынан болды. Кейін біз оның математикаға бейім екенін байқадық. Осы бағытта дамытуға тырыстық. Қанша айтқанмен 3 топта ғой бәрі осылай жақсы болады дегенге күдігіміз болды, әрине. №4 мектепте бізге жақсы педагогтар тап болды. Баламыз 2 аппаратпен жүреді. Бірінші тоқсанның соңында-ақ «Сәлеметсіз бе!, Сау болыңыз!» деп айта алатын болды. Бәрі осылай жалғаса береді.

РКС: Ата-анасы Исламды алдымен арнайы балабақшадағы логопедтік топқа, кейін Көкшетау қаласындағы коррекциялық мектепке апарған. Алайда еш нәтиже байқалмаған. Түрлі тәсіл мен сабақтарды байқап көрген ол ментальді арифметикаға тоқталады. Бұл бағытта 2 жылдай еңбектенген ол бүгінде 3 дәрежеге жеткен.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ МЫРЗАБОЛАТОВА, МЕНТАЛЬДЫ АРИФМЕТИКА ОҚЫТУШЫСЫ: ///рус/// Орталыққа Ислам алғаш келгенде алғашқы тексеру  сабағын өткіздік. Бізге дейін де орталықтарға барғандықтан не білетінін байқап көрмекші болдық. Бірінші сабақтан-ақ оның  математикаға бейімі бар екенін аңғардым. Ол бәрін оңай тәсілдермен шеше бастады. Бір, екі таңбалы цифрларды алып, қосуға қиналмады. Оған оңай болған сайын қуанады. Балалармен де тату. Орталықта ұйымдастырылған жарыста ол бірінші орын алды.

РКС: Ислам ментальды арифметика мектебіндегі ДЦП диагнозы бар жалғыз оқушы. Сабақ топ бойынша өтеді. Ата-анасы мен оқытушылардың айтуынша, математика баланың дамуына өте жақсы ықпал етіп жатыр. Жеңістері жалғасатынына бәрі сенімді.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МҮСЛИМА АСХАТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...