ШҰҒЫЛ! ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТ. ИМПОРТТЫҢ ЖАЙЫ Толығырақ

ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА – 91 ЖЫЛ

20:41, 22 маусым 2021

 

ДК: Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің туғанына – 91 жыл! Өз заманында ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында елден ерек еңбек еткен нар тұлғаның есімі саяси қайраткелер санатында ойып тұрып орын алады.
Қажырлы  еңбегіне орай, кеңес заманындағы ең құрметті атаққа ие болып, Социалистiк Еңбек Ерi атанды. 

РКС: Еркін Нұржанұлы он жылға жуық Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болды. Дәл сол тұста шағын шаһардың гүлденуіне зор үлес қосты. Оның экономикалық-әлеуметтік жағдайын да жақсартты. Нәтижесінде 50-ге жуық жаңа кеңшар ашылды. Көптеген жаңа нысандар мен ғимараттар бой көтерді. Нар тұлғаның көзін көрген жандар да оның еңбекқорлығы мен құлшынысына ерекше тәнті болған.

СНХ: БОЛАТ ЖАНӘДІЛОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ///Еркін Нұржанұлы туралы айту қиын біріншіден, екіншіден оңай сияқты. Себебі көз көрді, бірге қызмет жасадық. Ол кісінің мінезі мен құлқын Кәкімбек Салықов үш жолмен ғана сипаттап өткен. Адалдықтың айғағы, сөз бен істің байламы, ақиқаттың қайнары деп. Осы үш жол оның мінезін, адалдығын, халыққа деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

РКС: Жүз жылда бір келетін, халықтың маңдайына біткен тұлға. Жергілікті қарымды қаламгер Еңбек ері туралы осындай пікірде. Шынымен, артынан өшпейтін із қалдырған Еркін Әуелбековтің өмір жолы бүгінгі жастарға үлгі-өнеге.

СНХ: ҒОСМАН ТӨЛЕҒҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ /// Еркін ағамыз одан оқ бойы ілгері тұрды. Және өте биік тұрған адам еді. Жалпы, жағдайды ұстана отырып, тұла бойындағы ерен энергия, халыққа еңбек етсем деген пиғыл жарып шықты. Жоспарын іске асыра білді. Кредосы халық үшін қызмет істеу. +скл+ 100 жылда дүниеге келетін тұлға, халықтың маңдайына біткен тұлға.

РКС: Айталық, көп жылдар осы өлке қызмет еткен қоғам қайраткеріне ақмолалықтар да жылы шырай танытады. Былтырғы 90 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген іргелі істер қолға алынды. Соның бірі облыс орталығынан тау тұлғаға ескерткіш орнату еді. Игі бастаманы қолдаушылар көп.  Бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН САҒЫН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
21:28, 3 тамыз 2021
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 15 СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
21:27, 3 тамыз 2021
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
Толығырақ...
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
21:24, 3 тамыз 2021
ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 ЖҮЛДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
18:59, 28 шілде 2021
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Толығырақ...
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
19:10, 28 шілде 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ - ТӘРТІП КҮЗЕТШІСІ
Толығырақ...