ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ 8 АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНАДЫ

20:11, 9 маусым 2021

ДИКТОР:  Жыл басынан бері Есіл ауданы 1,8 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірген. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 процентке жоғары. Астықты өлке көктемгі егіс науқанын толық аяқтаған.  Ауданның өзге де әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы толығырақ тілші тарқатсын.

РКС: Есіл ауданы есептік кезеңде 1,2 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндіріпті. Деңгейді арттыру үшін биыл 6,2 млрд. теңгенің 4 ірі инвестициялық жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр.  Халықты баспанамен қамту бағытында да өңірде кешенді жұмыс қолға алынған.

СНХ: СЕРІК БАЛЖАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: /русс/ 04:28 Биыл пәтер кезегін қысқарту үшін 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтерлердің 12-сі көпбалалы аналарға, 7-еуі жетімдерге, 26-сы халықтың әлеуметтік осал топтарына үлестірілді. Және 32 пәтерлі тұрғын үйді сатып алуға облыстық бюджеттен 343,8 млн. теңге бөлінді. //

РКС: Ауданға қарасты Ақсай және Свободный елді-мекендерін таза ауыз сумен қамту жүйесі салынбақ. Оған қазынадан 1,3 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Аудан орталығындағы 10 көшені жөндеуге - 160, Бұзылық-Алматы бағытындағы автожолды  жөндеуге  829 млн. теңге қарастырылған.

СНХ: СЕРІК БАЛЖАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: /русс/ 00:08 15 ауылдық округтің 8-інде әкім сайлауы жүргізіледі. Қалғандары мерзімі аяқталғанша жұмыстарын жалғастырады. Бүгінгі таңда 3 үміткер қоғамдық ұйымдардың атынан өздерін ұсынды.  Бұл сайлау науқанына халықтың сенімі жоғары.

РКС:  3024 есілдік коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған. Ал екінші компонентті 1578 тұрғын алыпты. Аудан әкімі Серік Балжановтың айтуынша өңірдегі эпидахуал бақылауда. Қоғамдық орындарға жүргізілген 75 рейдтің нәтижесінде 525 мың теңгеге 12 әкімшілік айыппұл салынған.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...