ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ЕСІРТКІ САУДАСЫ ӨРШІП ТҰР

21:32, 19 қазан 2021

ДИКТОР: Есірткі. Қаншама жанның тағдырын талқан етіп, ағзаға түскен бетте адамгершілігін де, намысын да, мейірімділігін де құм қылатын қорқынышты заттың алдында әлі де қауқарсызбыз. Билік есірткі заттарын саудалау және пайдаланудың алдын-алуға көп көңіл аударса да, мәселе тыйылмай отыр.

РКС: Әлемде жыл сайын бұл заттың кесірінен жүз  мыңдаған адамның өмірі қиылады. Қылмыс артады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған Жолдауында есірткі саудасымен күрес басым міндеттердің қатарына жатқызылды.

РКС: Ағымдағы жылдың басынан бері Көкшетау қаласы полиция басқармасы есірткі айналымына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 72 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Наркологиялық диспансерлік есепте жас санаты 20-дан- 35 жасқа дейінгі 311 адам тұр.

СНХ: ДАМИР ЖҮСІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ІІБ-НЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Бүгінгі күні бізде «Қара шара» атты жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде. Ол есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша профилактика ретінде құрылды.  Сондай-ақ, 4 қазаннан 30 қарашаға дейін өткізілетін "Рефлекс" жедел алдын алу шарасы да өз жалғасын табуда. Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері бұл мәселе бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде.

РКС: Есірткі саудасында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысты болуы аса қауіпті. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында полиция қызметкерлері есірткі таратқан жасөспірімді ұстап алған болатын. Жеткіншектен табылған тауар 23 пластиналы опиум болып шықты.  Егер көшеде есірткіні жарнамамалау немесе тыйым салынған заттарды көріп қалған жағдайда полиция бөлімшесіне хабарласқан жөн.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...