ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҚТАН АГРАРЛЫ АЙМАҚҚА

20:48, 27 қазан 2021

ДИКТОР: Жарқайың ауданының аумағында ежелден мал шаруашылығы ерекше дамыған. 1955 жылы Баранкөл атауымен негізі қаланған. 1963 жылы Державинск деп өзгерді.  Аудан орталығы бүгінге дейін осы қала.

РКС:Державинск ұзақ жылдар бойы  құпия әскери қала болып келді. Тіпті географиялық картада белгіленбеді.Державинск пен Степной ауылында 38 зымыран дивизиясы орналтырылған.  Қазір істен шыққан бұл қарулар Жарқайың ауданының туристері үшін ең қызықты нысанның бірі. «Әскери атрибутика» деп аталатын стратегиялық мақсаттағы зымырандарды ұшыру үшін кезінде салынып аяқталмаған тұрғын үйлер мен ескі казармалардың құрылысы да қалды.

СНХ: ВАЛЕНТИНА СОБОЛЕВСКАЯ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:   Өткен жылдар ішінде ауданда өз тарихымен, еңбек әулеттерімен мақтанатын бірқатар ауыл шықты.  Біздің ауданда Социалистік Еңбек Ері атағы берілген 9 адам бар. Соңғы онжылдықта әлеуметтік нысандар,  балабақша мен жаңа технологиямен жабдықталған аурухана салынды.

РКС:Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге аудан бойынша 76 іс-шара өткізу жоспарланған. Балғабек Мұратовтың Жарқайың ауданында тұрып жатқанына 40 жзылдан асты. Айтуынша, ауданның өрістеп даму кезеңдері көз алдында.

СНХ: БАЛҒАБЕК МҰРАТОВ,ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен  Державинск қаласына  1977 жылы көшіп келдім. Ол кезде ол Державинск ауданы деп аталатын. Кейін ғана Жарқайың деп өзгертілді. Жолдардың сапасы сын көтермейтін. Тәуелсіздік жылдары 90 процент асфальт төселді. Қазір бай»ланыс құрылғылары да жақсы жолға қойылған. Мал мен ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді. Экономикада өсіма бар. Біз осыған қуанамыз.

РКС:Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға мемлекет 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлді. Барлық егістіктің 95% - і - дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыты мал шаруашылығы.  Бұл саланы субсидиялау 30 млн. теңгеден асты. Тәуелсіздік жылдарында ірі қара, ұсақ мал, жылқы санының өсімі байқалады. Ет, сүт және жұмыртқа өндірісі 100%  өсті.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА,  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...