
ДИКТОР: Шағалалы су қоймасының аумағында тактикалық оқу-жаттығу жиындары өтуде. Отан алдындағы борышын өтеген жауынгерлер он күн бойы әскери біліктілігін арттырып, дайындығын шыңдайды.
РКС: Тактикалық оқу-жаттығу жиындары жыл сайын ұйымдастырылатын маңызды шара. Биыл оған 78 әскери қатысып жатыр. Бағыт әртүрлі, мақсат бір. Ең бастысы-ел тыныштығын қорғау.
СНХ: ОМАР ОРЫНБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАУ БРИГАДАСЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Басты мақсат-әскерилерге аса маңызды обьектілерді қорғау элементтерін көрсету. Офицерлер өз білімдерін шыңдап жатыр. Олар осы аумақтағы маңызды обьектілер мен халықтың қауіпсіздігіне жауап береді. Сондықтан әскерилердің осындай оқу-жаттығу жиындарынан өтіп тұруы маңызды.
РКС: Шара көбіне практикалық негізде өтіп жатыр. Шынайы ұрыс жағдайындағы жаттығудың басты мақсаты-қауіп-қатердің алдын-алуға қатысты дайындықты пысықтау. Арнайы жасақ құрылып, белгілі бір тактика бойынша әрекет жасалады. Ешқандай қателік жіберілмеуі тиіс. Өйткені осы тұста ең алдымен жауынгерлер ұрыс алаңында жіберілген ағаттықтың немен аяқталатынын түсінсе, екіншіден олар кез-келген төтенше жағдайда сергек әрі сенімді болуға шыңдалады,-дейді сала мамандары.
ИНТЕРШУМ: Оқу-жаттығу сәті
РКС: Әскери тактикалық оқу-жаттығу жиынында атыс даярлығы, инженерлік, жедел, топографикалық, жауынгерлік дайындық жұмыстарына қатысты бірнеше бағыт қамтылған.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»