ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ЕТ БАҒАСЫ 7,4 ПРОЦЕНТКЕ ҚЫМБАТТАДЫ

18:50, 7 қазан 2021

 

ДК: «Ет етке, сорпа бетке»! Десе де, биыл етке қарайтын бет жоқ. Жылдан-жылға бағынбаған баға, сегіз айда орташа есеппен - 7,4 процентке өскен. Жылқыны жіліктеп жеп үйренген көкшетаулықтар бағаның шарықтап кеткенін айтып дабыл қағуда. Базардағы басқа да азық-түліктің бүгінгі құнынан ат үркетін болды, - дейді олар. «Жығылғанға жұдырық». Нанның қымбаттауы мен газдың тапшылығы тағы бар. Қарашаның базынасын тыңдап қайтқан әріптесім Гүлмира Аманбаева тақырыпты толығырақ баяндайды.

СНХ: ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

1. 2000 бұл масқара ғой! Оның үстіне азық-түлікті былай көтеріп жатыр. Халық қалай жан сақтайды? Ішіп-жемге баға қосып жатыр. Бензин шарықтап ол кетті. Санда зарплат пенсияға неге қоспайды? Балаға кәмпит бергендей қосады. 2-3 ақ мың теңгеден. Халық үшін айтып тұрмын мен.

2. Хотелось бы купить. Но не купила. Все подорожало. Было дорого. Стало еще дороже. Нам пенсионерам не по силу взять. Что делать? Будем жить на молоке да но хлебе.

3. Біз ауылда тұрамыз. Ауылдан әкеліп мал сатайық десек, 1650-ден алады. Яғни, алу бағасы арзан. Сату қымбат. 2000-ның үстінде сатады. Сиыр етін-1650. Қой етін 1750-ден алады. Өздері қосады. Жасанды баға. Бақылайтын құзырлы органдар бар ма? Білммеймін. Бізге ауыр. Халыққа қиын. Мал әкеліп тапсырайын десең осы.

ЖКС: Бұл орталықта жүрген халықтың жан-айқайы. Шынымен, «Жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіретін» жылқы мен сиыр етінің бір келісі 2500 теңгеден жоғары. Шұжық – қазы - 4000 болса, қой еті де екі мыңның үстінде. Малдың еті түгіл құстікі 1000-нан жоғары саудалануда

ЖКС: Жаз құрғақ. Жем-шөп жетіспейді. Мал азығы, жанар - жағармай қымбат. Бір сөзбен айтқанда, шаруалар шығыны шаш етектен. Салдары - ауылшаруашылығы өнімінің өз бағасы екі есе өсті. Сатушылар мен кәсіпкерлер де ет бағасының қымбаттауын шаруалар шығынының арта түскенімен байланыстырып отыр.

СНХ: ЖЫЛҚЫ ЕТІН САТУШЫ: Иә, ет бағасы қымбаттап жатыр. Жем-шөп, мал азығы қымбат себебі.Мынадай сапалы, дәмді жылқы етін өсіріп, сату қиын қазір. Баға жыл басында 2 жарым мың болатын. Қазір 500 теңгеге өсті. Қазы 4000. Шұжық -3500. Сонда ең аз дегенде бір табақ еттің құны 25 мыңнан басталады. 32 мыңға дейін барады.

СНХ: СИЫР ЕТІН САТУШЫ: сиыр етінің бағасы 2жарым мың теңгеге кетті. 10 процентке өсті баға. Әрмән қарай не болатынын білмеймін. Әзірге осы...

ЖКС: Ал көтерілген баға туралы жауапты басқарма мамандары Кәсіпкерлік Кодекстің 9 бабына сәйкес, әр кәсіпкер кейбір тауарлардың құнын өз бетінше белгілей алатынын алға тартты.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кәсіпкерлер өз тауарларына кез келген бағаны қою құзретіне ие. Тек, Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына қатысты, шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуі тиіс. Ал басқа жағдайда кәсіпкерлер өздері белгілейді. +скл Ал ет бағасының қымбаттауы өткен жылғыдай мал азығының қымбаттауымен тікелей байланысты. Әлбетте, алда біз бағаны тұрақтандыру бойынша қолымыздан келгенше жұмыстар атқарамыз. Базарға түсетін еттің делдалдарсыз өтуін қадағалаймыз. Бірақ, көбіне бұл мәселенің бәрі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге байланысты. 

ЖКС: Сонда Заңға сәйкес әлеуметтік тауарға қосылатын баға 15 проценттен аспауы тиіс. Әзірге жауап осы. Байқасаңыз, қымбатшылықтың белең алуын қуаңшылықпен байланыстыру «дәстүрге» айналған сыңайлы. Оның үстіне, бірде пандемия сылтау болса, бірде арадағы алыпсатарлар бағаның қымбаттауына себеп дейді, - атқамінерлер. Бірақ, іс жүзінде азық-түлік құны - 11 процентке артып отыр.

Көңілге қуаныш ұялататыны, халық үшін қолжетімді бағада облыс орталығында жәрмеңкелер өтіп тұрады. Өнім бағасы нарықтағыдан едәуір төмен. Демалыс күндері өткен жәрмеңкеде, сиыр мен қой етінің бір келісі  2000 теңге болса, құс еті 850 теңгені құрады. Жұмыртқаның бір данасы 30 теңгеден, өсімдік майы 600-ден ұсынылды.

СНХ: ӨМІРБЕК МЫРЗАХМЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жәрмеңке өте жақсы өтті. Қажетті өнім түрі де жетіп артылады.. Етте, сүтте бар.  Жақсы ұйымдастырылған. Мұндай жәрмеңкелер жиі өткізілсе дейміз.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...