ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ МЕДИАТОР РЕТІНДЕГІ РӨЛІ

19:20, 13 маусым 2022

ДК: Көкшетауда «Этномәдени орталықтардың этносаралық қатынастар саласындағы медиаторлар ретіндегі рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға судьялар мен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары, кәсіби медиаторлар қатысты.

РКС: Биыл 28-29 сәуірде Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ және ХХХІ сессиялары өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен сессияда этносаясат пен этномедиацияның елдің дамуына қосып отырған үлесі сынды  бірқатар маңызды мәселе көтерілді.  

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Басты көңіл бөлінген мәселелердің бірі ұлт аралық қатынастардағы медиацияның рөлі.  Ұлтаралық тіл-қазақ тілі болсын деген мәселе көтерілді, осы мәселе жөнінде біз, мемлекеттік тіл орталығы жұмыс  істеп жатыр.+СКЛ+  Жастардың арасында 60-70 пайызы мемлекеттік тілді меңгерді деп айтуға болады. Жастарды оқытып жатырмыз, балабақша деңгейінен бастап мектептерде мемлекеттік тілді оқытуға баса көңіл бөлу керек деп ойлаймын.

РКС: Этносаралық даулардың алдын алу және шешу құралы ретінде медиативтік тәсілді қолданудың тиімділігін талқылау. Дөңгелек үстел басындағы кездесудің түпкі мақсаты да осы.

СНХ: ГЕРИХАН ЯНДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ «ВАЙНАХ» ШЕШЕН-ИНГУШ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі дөңгелек үстел соңғы оқиғаларға байланысты, жалпы  мәселерді қамтыды. Менің ойымша  этникалық Қазақстан үшін медиация өзекті тақырып.  Мен этномедициядағы үлкен тәжірбиемді  игері отыра осы 30 жылда  таза ұлтаралық араздықты көрген жоқпын, қашан да бірлік пен ынтымақ, ауызбіршілік Қазақстан үшін алдыңғы орында. Қазір жасттарды шоғырландыру, оларды тәрбиелеу мәселесіне ерекше ден қоюымыз керек. менің ойымша бұл да басты мәселе.

РКС: Айта кетейік, Ақмола облысының аумағында 16 этномәдени бірлестік тіркелген. Дөңгелек үстел басындағы кездесу барысында келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайларға жол бермеу мәселесі жан-жақты талқыланды. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу құралы ретінде медиацияны кеңінен қолдану қажет деген тұжырым айтылды.

 

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...