ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ЕТТІҢ БАҒАСЫ АРЗАНДАМАЙ ТҰР

13:11, 22 қаңтар 2021

ДК: Өткен жылы Қазақстанда ет өндірісінің көлемі артты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, былтыр  республикада 931,4 мың тонна ет өндірілді. Соның ішінде Ақмола облысының да көрсеткіші көңіл толарлық. Статистика бойынша, былтыр 98,5 тонна ет өндірілген.

РКС: Ет өндірісі Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің басым бағытының бірі. Сарапшылардың айтуынша, былтырғы жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 ет және ет өнімін тұтынған. Ақмола облысында әр тұрғын 26,8 келі ет тұтынады екен. Бірақ, оның бағасына келсек, кез келген отбасының қалтасы көтере бермейді. Бір жыл ішінде, әсіресе сиыр, жылқы, қой еті қымбаттаған.  

СНХ:ЖӘНІБЕК ҚАЛИЕВ, ЕТ САТУШЫ///аударма/// Біз етті 1750 теңгеден сатып аламыз. Бағаның қымбаттауы ет тапшылығына байланысты емес. Қазір ауылдағы ағайынға мал өсіру де оңайға соқпайды. Өйткені, жем-шөптің бағасы да өте қымбат. Сондықтан, ауыл-аймақтан ет жеткізетін ағайын үшін бағаны көтермеске амал жоқ.

ИНФОГРАФИКА:

РКС: Бір жыл ішінде әсіресе қой еті 16,2 процентке, жылқы еті 11,9 процентке, сиыр еті 8 процентке қымбаттады. 

ГРАФИКА:

Қой еті – 16,2 %

Жылқы еті – 11,9 %

Сиыр еті – 8 %
СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ/// аударма// 06:14 Ия, баға көтерілді. Мойындау керек. Оның үстіне доллар бағамы да көтеріліп жатыр. Ішкі нарық деген дүние бар. Қазақстанның қай аймағына барсаңыз да, осындай жағдайға кезігесіз. Облыс бойынша былтыр 98,5 тонна ет өндірілді. Негізгі үлес құс теніде, 57 мың тоннаға жуық, одан кейін сиыр еті 23 мың тоннадай өндірілді. Қой еті 4 100,  жылқы еті 7 800 тонна. 2025 жылға дейін облыс аумағында 35 мың тоннаға дейін ет өндірсек деген мақсатымыз бар. Бұл тұрғыда мемлекеттен қолдау көрсетіледі.

РКС: Мемлекет тарапынан мал шаруашылығына басымдық берілуінің арқасында ет өндірісінің артып келе жатқаны байқалады. Дегенмен бағаны бір орында ұстап тұру мүмкін болмай тұр. Өндіріс, сақтау, тасымалдау кезінде жұмсаған шығындарға байланысты бағаны кәсіпкердің өзі қояды. Сонымен қатар, бағаға сыртқы фактор – көрші елдер мен халықаралық нарықтағы бағаның өзгеруі де әсер ететіні сөзсіз.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар