ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ЕВГЕНИЙ ГИДИЧ ҚР ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНЫНЫҢ АҚ ЖЕЙДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

18:27, 27 маусым 2022


ДИКТОР: Бурабайдың баурайында велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты аяқталды. Аталған сайыста ақмолалық спортшы ақ жейдені жеңіп алды. Жарыс оңайға соққан жоқ. Оның үстіне солтүстіктің құбылмалы ауа райы да біраз кедергі болғанын айта кету керек.   

 

РКС: Велоспорттан ұйымдастырылған Ұлттық чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық спортшы қатысты.


СНХ: ВАЛИХАН ТЕН-ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгін ерлер арасында ұлттық чемпионат, топтық жарыс өтті. Кеше әйелдер жарыс алаңына шыққан еді. Бүгін, әрине, спортшылар арасында теке-тірес орын алды. Бірақ, бәрі уақытылы шешілген сыңайлы. Менің ойымша, қазақстандық велоспорт қазір бұқаралық сипат алып келеді. Сонымен қатар  спортшылардың сапалық құрамы да біршама жақсарғанын атап өтсем артықтық етпейді.

 

РКС: Топтық жарыста Евгений Гидич чемпион атанды. Ақмолалық 157,5 шақырым қашықтықты 3 сағат 43 минут 48 секундта жүріп өтті. Спортшы чемпионатқа дайындықтың қиын өткенін айтады. Соңғы жылдағы пандемия көп нәрсеге кері әсер етті. Алайда, бұл спортшының жарқырап көрінуіне еш кедергі болмады.

 

СНХ: ЕВГЕНИЙ ГИДИЧ-ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ: Жарыс қиын өтті, күн өте ыстық болды. Бір командадан жарыс жолына түсушілер өте көп келіпті. Мысалы, Петропавлдан 10 адам. Ал бізден барлығы екеу ғана. Яғни, олармен жарысу өте қиын болды. Бірақ жеңіп шықтым.

 

РКС: Айта кету керек, жерлес спортшы Никита Шестаков жасөспірімдер арасында 25 шақырымдық жеке жарыста, ал жасөспірімдер құрамасы 40 шақырымдық командалық жарыста үшінші орынды еншіледі. Чемпионат қорытындысына сәйкес ақмолалық спортшылардың қоржынында 2 қола және 1 алтын медаль.

 

ДИНАРА СМАЙЫЛОВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...