
ДИКТОР: Exit-poll нәтижесі бойынша 3 саяси партия сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді.
ГРАФИКА: Сонымен, сауалнамаға қатысқан 24 мың сайлаушының 71,97 %-і Нұр Отан партиясына, 10,18 %-і «Ақ жол» демократиялық партиясына, 9,03%-і Қазақстан халық партиясына, 5,75 %-і «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына, 3,07%-і «Адал» партиясына дауыс бергенін айтқан.
СНХ: АЙНҰР МӘЖИТОВА, «ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: (қаз.) 00:55 Күні бойы сауалнаманың 4 толқыны өткізілді. + скл 01:03 Сауалнаманың қателігі 2 процент шамасында. Сауалнама жүргізу жұмысына 600-ден астам интервьюер қатысты. + скл 01:30 ҚР Сайлаушыларға сауалнама exit-poll-дың стандарттық халықаралық әдістемесі бойынша интервью, face to face форматында жүргізілді.
РКС: Сауалнаманың 52,7 % -і қалада, 47,3 %-і ауылда өткізілген. Айта кету керек, бұл сайлаудың ресми қорытындысы емес. Дауыс санау әлі жалғасып жатыр.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ