ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Ф. М ДОСТОЕВСКИЙДІҢ КЛАССИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ БҮКІЛ ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ

19:42, 25 қараша 2021

ДИКТОР: Көкшетауда «Ф.М.Достоевский шығармашылығының философиялық-этикалық аспектілері» атты ғылыми семинар өтті. Биыл әлемге әйгілі ұлы жазушының 200 жылдығы атап өтіледі. Федор Михайлович өмірінің бір бөлігін Қазақстанда өткізген.

РКС: Іс-шараны Нұр-сұлтан қаласының «Орыс үйі» мен «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» бірлестігі бірге ұйымдастырды. Ф.М.Достоевскийдің шығармаларын насихаттау – кездесудің басты мақсаты.

СНХ: АЛЕКСАНДР АРТЁМЕНКО,  «АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ОРЫС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ  ЖЕТЕКШІСІ: Осы жылы Достоевскийдің 200 жылдық мерейтойы.  ЮНЕСКО-ның мәлімдеуінше, жазушының шығармалары әлемде ең көп оқылады және аударылады. Біз жастардың бұл туралы білгенін қалаймыз.  Ол жай жазушы емес, ол әлеуметтік психолог болған. Көптеген ұлы адамдар оның шығармаларын оқып, жаңа дүниелерді үйренген.  Бүгін біз осындай аудиторияда оның еңбектері мен шығармаларын талдағымыз келеді.

РКС: Достоевский қаузаған тақырыптар бүгінгі қоғамда да өзекті.  Ғылыми конференцияда орыс тілі мен әдебиетінің болашақ мұғалімдері белсенділік көрсетті. Өздерінің түрлі бағыттағы ғылыми зерттеулерін ортаға салды.

Олардың ішінде: «Достоевский шығармашылығының орыс және әлемдік мәдениеттегі маңызы», «Ф.М. Достоевский. Рухани қайта жаңғыру» және «Кант философиясының Достоевскийдің дүниетанымдық көзқарастарына әсері» атты жұмыстар болды.

СНХ: ЛӘЗЗАТ БАЙМАНОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: 200 жылдан бері барлық білім беру кеңістігі осы көрнекті орыс жазушысының шығармаларымен танысып, ләззат алды. Бұл іс-шара «Ақмола облысының орыс қауымдастығымен» ынтымақтастық аясында өткізілді. Конференция оқу жылының басында жоспарланған.

РКС: Айта кету керек, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен «Ақмола облысының Орыс қауымдастығы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум қыркүйекте бекітілген.  Бүгінгі таңда бірлескен жұмыс белсенді жүргізілуде.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...