ШҰҒЫЛ! МАКИНСК ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ ЗАУЫТЫ ӨНІМ КӨЛЕМІН АРТТЫРДЫ Толығырақ

ФЕСТИВАЛЬДЕ ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

19:10, 20 қыркүйек 2021

 

ДК: Театр тойы тәмәмдалды. 3 күнге созылған III Аймақтық театрлар фестивалі өз мәресіне жетті. Қатысқан барлық өнер ұжымдарының еңбектері еленіп, тиісті марапаттарға ие болды. Яғни, Көкше төрінде өнер көрсеткен барлық театрларға арнайы номинациялар тағайындалып, ақшалай сыйақылар табысталды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған өнер тойының марапаттау рәсіміне әріптесім Абзал Азаматұлы қатысып қайтты.

РКС: Фестиваль қатысушыларының көңілі көтеріңкі. Себебі, әр өнер ұжымына ерекше жағдай қарастырылған. Жергілікті қазақ музыкалық-драма театрының 25 жылдығына сауын айта келген әр ұжым таңдаулы бір қойлымдарын сахналап, театр тойына тарту етті.

СНХ: МҰРАТБЕК ОСПАНОВ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ- ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл фестивальдің форматы басқа. Бұл той. Ал, осы тойды тек өзіміз ғана тойламай, көрші қолаңдарды шақырып тойлап жатырмыз. Яғни, бір-бірімізге спектакальдарды көрсетіп, тәжірбие алмасып қауышу. Соның бәрін осы 3 күнде көрдік, байқадық. Фестиваль облыстық театрларды жақындатты. Солай болуыда заңдылық. Арзан бәсеке болмау болмау керек.

РКС: Пандемия – театр саласына да өз салқынын тигізді. Көптеген өнер фестивалі кейінге шегіріліп, әртістерді әбігерге салғаны жасырын емес. Ал, осы өнер тойы аймақ театрларының  басын қосып, көрерменмен қауыштырды.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, САРАПШЫ,  «КӨКШЕТАУ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Қазір қиыншылық заман ғой. Індет белең алып тұр. Халықтың көңілінде мұң бар. Сондай кезеңде әркімді ойға шақырған, философиялық түйіндері бар, жақсы ойлары бар жақсы қойылымдар болды. Тағы бір байқағаным негізінен жастар келді. 95-98 проценті жас әртістер болды. Олар өз образдарын керемент орындап, көңілімізден шықты.

РКС:  Тігілген 4 номинация бірдей. Сәйкесінше,  сыйақылары да солай. Десе де, «Үздік қойылым» номинациясының салмағы сәл де болсын салмақты,- дейді ұйымдастырушылар. Ал, бұл марапатқа Антон Чеховтың қысқа әңгімелерін сахналаған Қостанай театры лайық деп танылды.

СНХ: ӘЛІМХАН МЫРЗАХАН, І.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз осы мерекеге құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің тамаша спектаклімізді ала келдік. Нәтижесінде үлкен марапатқа ие болып жатырмыз. Біздің еңбегімізді бағалаған ел-жұртқа алғысымыз шексіз. Мереке құтты болсын.

РКС: Осылайша, 3 күнге жоспарланған өнер тойы үлкен концерттік бағдарламаға ұласты. Әр аймақтан келген әртістер ән айтып, би биледі. Бір қызығы, аймақтағы театрлардың барлығы да Тәуелсіздікпен тағдырлас. Олар алдағы уақытта да осы ыстық қарым-қатынасты үзбей, жалғастыра беретініне сендірді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
21:47, 27 қазан 2021
АДАМ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21:03, 27 қазан 2021
«ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
21:00, 27 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
19:38, 22 қазан 2021
ТҮЙІТКІЛДІ ТАҚЫРЫП: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...
КӨКШЕТАУЛЫҚ  ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
21:09, 21 қазан 2021
КӨКШЕТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...