ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

«ГӘККУ» БИ АНСАМБЛІНІҢ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

21:04, 15 қараша 2021

ДИКТОР: Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның 75 жылдық мерейтойына арналған «Гәкку» би ансамблінің мерекелік концерті өтті. Халық билерімен көрермендерді тәнті еткен ансамбль  жақсы өнер өрнегін көрсете білді. Толығырақ Ұмсындық Наурызбаева баяндайды.

РКС: «Гәкку» би ансамблінің құрылғанына биыл 10 жылдан асып отыр. Осы уақытқа дейін ұжым республикалық, халықаралық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізді.  Құрамында 16 биші өнер көрсетеді.  Негізгі бағыты-халық билері. Ансамбль қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы жалғыз кәсіби хореографиялық ұжым болып табылады.

СНХ: СЕРІКБОЛСЫН БЕКМОЛДИН, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘНШІСІ: Бүгінгі таңда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында халықаралық, республикалық талай-талай шетелге барған. Біздің елімізге әйгілі болған «Гәкку» би ансамблінің тамаша концерті басталғалы тұр. Бишілердің барлығына сәттілік тілейміз. Бүгінгі концерт өте жоғары деңгейде.

РКС: «Гәкку» би ансамблі «Мәдениет саласының үздігі» Гүлмира Ордабаеваның жетекшілік етуімен талай асуларды бағындырды. Ансамбльдің репертуары өте бай. Көпшіліктің назарына « Тәуелсіздік қыраны», «Аққу», «Қонақжай құрбылар», «Анашым», «Ана жүрегі», «Салтанатты би» және тағы да басқа төл туындыларын ұсынды.

СНХ: САМАТ УАТХАН, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ӘРТІС:  Бүгінгі концерті Көкшетау қаласының ғана емес, Ақмола облысының да інжу-маржанына айналған «Гәкку» би ансамблінің концерті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы бар, филармонияның 75 жылдығы қарсанында болып жатқан бір айтулы оқиға деуге болады. Жалпы, ұжым жоғары кәсіби түрде керемет қойылымдар жасайды. 

РКС: «Ән, би» десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз үшін бұл концерт –нағыз мереке болды. Филармония әншілері де ән шашуларымен сахнаны одан әрі ажарландыра түсірді. Шығармашылық ұжым алдағы уақытта да көрермендерді жаңа туындыларымен қуантпақ ниетте.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...