ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ГЛЭМПИНГ-ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА НЫСАНЫ ПАЙДА БОЛАДЫ

14:15, 4 мамыр 2021

ДИКТОР: Ақмола өңірі табиғаты әсем аумақта орналасқан. Сондықтан, ешқандай шетелге шықпай-ақ, қажетті заманауи жайлылықпен қамтылған табиғат аясында демалуға болады.  «Глэмпинг» форматында демалуды қалайтындар үшін мүмкіндіктер қолжетімді. Ақмола өңірі «Глэмпинг» жобасын іске асыру үшін өте қолайлы аймақ. Жақын арада табиғат аясындағы демалыс орындарының бірі іске қосылады.

РКС: Осындай керемет демалыс кешенін құру идеясы карантин кезінде Есенжол Алпысовтың ойына келеді. «Санитарлық нормаларды сақтай отырып, денсаулыққа пайдасы тиетін демалыс әбден мүмкін» , - дейді ол.

СНХ: ЕСЕНЖОЛ АЛПЫСОВ, «ЖҰЛДЫЗ ОРМАНЫ»  ЖОБАСЫНЫҢ АВТОРЫ: //аударма/Адамдарға қалай көмектессек және оның ұтымды жолдарын қарастырдық.   Бізде барлық санитарлық нормалар бойынша арақашықтық сақталады. Үйлер бір-бірінен әр 10 метр сайынғы аралықта орналасады.

РКС: Орманды аумақта пентхаус-үйлер орнатылады. Жақын арада мейрамханалар, фудкорт орталықтары пайда болмақ. Демалыс құнына күніне үш рет тамақтану кіреді. Балық аулау мен шомылуды ұнататын жандар үшін Жөкей көлі тиіп тұр. Біржан сал ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Марал Шаушанованың айтуынша, бизнес-жоба өңірдің экономикасын, жол бойындағы сервисті дамытуға тың серпін бермек. Қазірдің өзінде демалыстың осы түріне республиканың барлық аймағынан қызығушылық бар көрінеді.

СНХ: МАРАЛ ШАУШАНОВА, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ//аударма//Демалушылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Көңіл көтеретін орынға дейін бар. Ең бастысы адамдардың ыңғайлы демалуына мүмкіндік болады. Қазірдің өзінде Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан қоңыраулар түсіп жатыр. Жобаның құны 60 миллион теңге, ал мемлекеттік қолдау – 12 миллион теңге көлемінде. Олар бұл қаржыны ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша алды.

РКС: «Жұлдыз орманы» глэмпинг-кешенінің ашылуы салтанаты 7 мамырға  жоспарланған.

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ИВАН ОДНОРОГ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...