ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ГҮЛДЕНГЕН АУЫЛ...

17:44, 24 маусым 2022

ДК: Макеевка ауылдық округінің аумағында Третьяковка, Шуйское және Макеевка елді мекендері орналасқан. Өткен ғасырдың 55-ші жылы кешегі Кеңес Одағының бірнеше республикаларынан келген тыңгерлер ұрпағы, әкелер жолын лайықты жалғастырып келеді. Яғни,егін және мал шаруашылығымен айналысып жүздеген адам жергілікті «Шуйское 21» серіктестігінде тұрақты  еңбек етуде.

РКС: Тәуелсіздіктің елең алаңында  Шуйское кеңшары да тарыдай шашылып қала жаздады. Осы тұста Атбасар қаласынан іскер азамат марқұм Бейсембек Құрманқұлов басшылыққа келіп аз ғана мерзімде шаруашылықты қалпына келтірді. Соңғы жылдары әке жолын ұлы Алтынбек Бейсембекұлы лайықты жалғастырып жүр. Елді мекенге табан тіреген сәттен–ақ оқтай түзу көшелер,сымдай тартылған асфальт жол,заманауи тұрғын үйлер,темір қоршаулар,жасыл желекпен гүлзарлар көздің жауын алады.

СНХ: ПЕРИЗАТ ОРМАНБЕКОВА, ШУЙСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осында тұрып жатқаныма 11 жыл болды.5 бала–шағам бар. Үй берді. Жолдасым «Шуйское 21» серіктестігінде механизатор болып еңбек етеді.Директор Алтынбек Бейсенбекұлы біздің отбасымызғада үнемі қол ұшын созады.Отын шөппен тегін қамтамасыз етеді. Балаларымыз жазғы демалыс кезінде лагерьге серіктестіктің ақшасына барады. Өзімде көгалдандыру жұмысымен айналысып еңбекақы алып жүрмін.

РКС:Перизат Орманбекова сияқты көпбалалы аналар серіктестік тарапынан әлеуметтік көмектен кеңде емес. Шуйское ауылына соңғы екі үш жылда 20 дан астам жас отбасы қоныс аударды. Олар жайлы пәтермен қамтамасыз  етілді.

СНХ:ЕРКІН СӘДУАҚАСОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Мені  Шуйское ауылына еркін күрестен бапкерлікке шақырды. Бірен күннің ішінде жайлы пәтер берді. Жолдасым жұмысқа орналасып,екі балам балабақшаға барды. Мұнда жас отбасылар үшін барлық жағдай жасалған. Қалада пәтерсіз жүрген жас мамандарды ауылға шақырамын. Болашақ ауылда екендігін енді сезініп жүрмін.

РКС: «Гүлденсе ауыл гүлденеміз бәріміз» дейтін өлең жолдары Шуйское ауылында жасалып жатқан  игіліктерді істердің айғағындай. Олай болса алтын бесік ауылды түлетіп жүрген Алтынбек Құрмақұлов сынды азаматтан үлгі алсақ игі.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...