ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ҒЫЛЫМНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП ОТЫР

20:57, 12 сәуір 2021

ДК: 12 сәуір – халықаралық  ғылым қызметкерлерінің күні. Айтулы мерекеге орай, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде іс-шара өткізілді. Ғылым саласына қаншалықты көңіл бөлініп, ғалымдарға қандай жағдай жасалып отыр? Тақырыпты тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тәпсірлейді.

РКС: Еліміз бойынша 2011 жылдан бері 12 сәуір ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітіліп, ресми түрде аталып келеді. Содан бері дәл осы күні ғылымға елеулі үлес қосқан азаматтардың есімі ұлықталады. Бір жағынан бұл күн қазақтың аяулы ұлы, геолог, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді. Мерейлі мерекеге орай Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылымға өлшеусіз үлес қосқан ғалымдарына ерекше құрмет көрсетілді.  

СНХ: ТӨЛЕГЕН СЕЙІЛХАНОВ, ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ///қаз./// Мемлекеттің берген жаңа қондырғысының арқасында жаңа зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Біздің университтің белсенді, ғылымға қызығушылығы жоғары студенттердің мақалалары халықаралық журналдарға жарияланып жатыр. Жақында ғана әлемнің үздік ғылыми журналында біз 7 деген балл алдық. Бұл бұрын-соңды елімізде болмаған жетістік.

СНХ: ГҮЛДЕН ҚАЖЫБАЕВА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ///қаз.///  Енді мінеки, ғылымды дамыту үшін дамылдамай жұмыс істеп жатырмыз. Абайдың сөзімен айтқанда, әрқашан білуге, білмекке асығу керек. Өзімнің де білім саласында жүргеніме біраз жылдың жүзі болды. Болашақта жас ұрпағымыз ғылымға бет бұрып, дамытады деп сенемін.

РКС: Қазақстан бойынша ғылым саласында 22 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Зерттеушілердің 35 проценті  ғылыми немесе академиялық дәрежеге ие.  

СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ  ПРОРЕКТОРЫ///аударма///Оқу орнында 407 оқытушы еңбек етеді.  Оның ішінде 133-і ғылым докторы, 92 ғылым кандидаты және 20 жас PHD докторы бар. Сондай-ақ, ғылыммен айналысатын магистранттардың үлесі 60 процент.  Соның ішінде химия ғылымдарының кандидаты, доцент Төлеген Сейілхановты ерекше атап өткім келеді. Ол кісінің зертету еңбектері халықаралық дәрежеде топ жарып жүр.

РКС: Сондай-ақ елімізде ғалымдарға әлемдік ғылыми орталықтарда зерттеу тағылымдамасынан өту үшін арнайы гранттарды бөлу жоспарланған. Қазірдің өзінде тіл білімі, тарих, философия, әдебиет және басқа салада іргелі зерттеулермен айналысатын ірі институттардың ғылыми жобаларын тұрақты қаржыландыруға көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндағы басты мәселе – ғалымдарға тұрақты зерттеулер жүргізу үшін тиісті жағдай жасау.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...