ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ»

19:48, 4 шілде 2022

ДК: Жеміс-жидек уылжып пісті. Тосап дайындайтын науқан әлдеқашан басталып кетті. Алайда қанттың бағасы шырақтап тұр. Аймақта тапшылық байқалады. Мамандар да мойындап отыр.  Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл базарларға барып, жағдайды біліп қайтты.

БЛИЦ-ОПРОС: -  Қойшы, қант жоқ қой енді. Қантты құртып жатыр за рубежом. Неге фабрикалар салмайды? Мына Қамқорда 450 теңге. Жәй 1000 теңгеден алып жатырмыз.

РКС: «Дүкеннен 1000 теңгеге сатып алып жатырмыз». Тұрғындар қанттың бағасына бір, оның қымбаттығына тағы бір бөлек наразы. Қазір жидек қайнататын науқан. Алайда келісін екі еселенген бағада алу мүмкін болмай тұр.

  • Оптом везде. По 700 оптом. А тут в розницу где-то 750 теңге. Енді варенье жабам. Қалай жабам? Қант қымбаттап жатыр. Я не знаю. Тамақ қымбаттаған жаман ғой.

РКС:  450 мың тонна. Облыстағы қант қоры осы. Бұл сан қоймадағы құмшекердің көлемі емес, жалпы алғанда, базардағы сөрелердегі қанттың үлесі.

STAND-UP: ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ: Несін жасырамыз? Қанттың бағасы күннен күнге шарықтап барады.  Себеп – шикізаттың тапшылығы мен логистикада,-дейді мамандар. Өткен айда  Қазақстан Республикасының Сауда және  интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елде қант тапшылығы жоқ деп еді. Егер дәл министрдің сөзіндей бәрі жеткілікті болса, қанттың бағасы неге шарықтап жатыр?

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аймақта қант тапшылығы бар. Оны байқап отырмыз. Республика көлемінде де жағдай осы. Негізгі себеп  қазіргі көрші елдердегі болып жатқан геосаяси жағдайларға байланысты. Көршілес Ресей қантты шекара асырмай отыр. Осы күнге дейін Қазақстан қанттың 70 процентін шетелден тасымалдады.

STAND-UP: ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ТІЛШІ: Сұрақ көп. Бірақ мардымды жауап жоқ. Арадағы алыпсатарлар да арам пиғылын жүзеге асырып әлек. Әлеуметтік желіде жарнамасын жарқыратып қойғандарды да көрдік. Бір қабы – 36 мың теңге. Мұндай мысал көп. Қарап тұрсаңыз, қанттың келісін кем дегенде 720 теңгеден сатып жатыр.

ХРИП: ҚАНТ ЖЕТКІЗУШІ:  720 тенге 1 киллограм. Сколько хотите столько и привезем. 36 мың теңге 1 қабы. У нас это оптовка. Мы сами привезем.

РКС: Облыстың барлық аумағында қант тапшылығын жою шаралары қолға алынып, қала және аудан әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізе бастады. Дегенмен мәселенің қашан және қалай шешілетіні әзірге белгісіз.

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
13:09, 21 шілде 2022
COVID - 19: АЙМАҚТА ЭПИДЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ
Толығырақ...
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:00, 21 шілде 2022
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛҒАЛЫ 29 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
12:59, 21 шілде 2022
ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 1 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар