ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚ САНАҒЫН ҚАЙТАДАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ БОЛАДЫ

21:00, 27 қазан 2021

ДИКТОР:  Қазақстанда халық санағы 10 жылда бір рет жүргізіледі. Яғни, тәуелсіздік алғалы биыл үшінші рет өткізілуде. Ерекшелігі – онлайн. Ал үлгермегендерді  оффлайн тізімдеу жүріп жатыр. Дегенмен азаматтардың өтініші бойынша, бүгіннен бастап қайтадан  интернет арқылы санақтан өтуге болады. Бүгінгі күні облыс халқының 39,5 проценті онлайн-санақ тіркелген.

  • 1 қыркүйекте халық санағы басталған еді. Бұған дейін өңір халқының жалпы саны -735 мың 876 адам деп саналды. Ал онлайн режимдегі  санақтан іс жүзінде 291 мың 368 азамат өтті. Онлайн санақта Біржан сал ауданы көш бастады. Онда халықтың 95% - і жаңа форматты пайдаланып, тіркелген. Енді қазанның соңына дейін дәстүрлі форматта санаққа қатысуға болады.

СНХ: ЕРБОЛ АМАМБАЕВ,  ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Жаппай сауалнама 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен өткізіледі. Олар барлық қажетті заттармен,  жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Оларды арнайы нысанды киіммен оңай тануға болады. Электронды планшеттерді пайдаланады. Облыста сауалнама жүргізуге  1000-нан астам адам тартылды. Оның ішінде нұсқаушы – бақылаушылар– 126, интервьюерлер-882. Сондай-ақ, халық санағының жұмысына "Jas Otan" облыстық филиалының 30-ға жуық волонтер студенттері тартылды.

РКС: Жалпы ұлттық акцияға 650 мыңға жуық ақмолалық қатысты. Оның ішінде 39,5% - онлайн, 47,7% - оффлайн. Қорғалжын ауданы алғашқылардың бірі болып мәреге жетті. Мұнда санаққа қатысушылардың саны 109% - ті құрады. Ал облыс орталығында бұл көрсеткіш қала тұрғындарының жалпы санының 63,94% - іне жетті.  Бұл шамамен 106 мың адам

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:  2021 жылғы ұлттық халық санағының жаңалығы - заманауи цифрлық технологияларды енгізіп, процесті автоматтандыру. Яғни, барлық тілек білдірушілер мамандандырылған сайтта интернет-сауалнамадан өте алады.  "sanaq.gov.kz" сайтында виртуалды көмекші арқылы дербес санақтан өтуге және өзіне және өз отбасы мүшелеріне санақ парақтарын толтыруға мүмкіндік бар.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, онлайн-санақ 7 қарашаға дейін жалғасады. 8 қарашаға дейін деректердің қамтылуы мен дұрыстығын тексеру мақсатында бақылау жүргізіледі.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...