ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БҮРКІТШІЛЕР ТУРНИРІ

20:30, 2 қараша 2021

ДК: Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының аумағында әйгілі құсбегіші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің халықаралық турнирі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі додада он екі команда бақ сынады. Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Құсбегілер федерациясының президенті Берік Уәли, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай қатысты.

РКС: Осымен 4-рет өткізіліп отырған халықаралық турнирге еліміздің 10 облысынан келген 30-ға жуық бүркітші қатысты. Оның ішінде Моңғолия елінен келген 2 бүркітші бар. Жалпы жүлде  қоры 500 мың теңге.

СНХ: БАЗАРБЕК КҮНТУҒАН, АҢШЫ ҚҰСТАРМЕН АҢ АУЛАУ БОЙЫНША ҚР ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Әлем бойынша бүркіт салу спорт түрі ретінде 3-4 елде ғана тіркелген, соның бірі біздің ел. Құспегілікті спорт түрінде дамытудың басты мақсаты атадан қалған бүркіт салу дәстүрін жоғалтпай сақтау болып табылады. Аталмыш Халықаралық турнирде еліміздің әр өңірінен ең үздіктері қатысуда.

РКС: Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Атап айтқанда бүркітті қолға шақыру, еркін ұшыру және шырғаға салу. Одан бөлек бүркітті қоян мен түлкіге салу. Қаршыға мен ителгілер де сынға түсті.

 

СНХ: ТЕМІРӘЛІ ТӨЛЕГЕН, АҢШЫ ҚҰСТАРМЕН АҢ АУЛАУ БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Біз Қарағанды қаласынан келдік. Екі бүркіт және бір балабан бар. Жылына  ерлер арасында 5-6 жарыс өткізіледі. Біз бәріне қатысамыз. Бұрын бүркітті атасы жаттықтыратын.Сол кезде  біз бүркіттім қолға бізге берсе ғой деп армандайтынмын. 7 жылдан асты осы спорт түрімен айналысатыныма.

 РКС: Екі күн бойы өткен бәсекенің нәтижесінде жеңімпаз атанған бүркітшілеріміз еліміздің атынан басқа да халықаралық бәсекеге қатысатын болады.

САЛТАНАТСӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,НАЗИРА БАЛТАШЕВА,БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,БЕРІК МАНАП,КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...