ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 200 ШАҚЫРЫМ АВТОЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ СПИД ТУРАЛЫ САУАТЫ ӘЛІ ШАЛА

23:31, 12 мамыр 2022

ДИКТОР: Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен мамырдың әр үшінші жексенбісінде СПИД-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аталып өтіледі. Осыған орай өңірде де «Біз еске аламыз! Біз әрекет етеміз! Біз ВИЧ-ке қарамай өмір сүреміз» ұранымен түрлі акция ұйымдастырылмақ.

РКС:  Бүгінде өңірде ВИЧ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда, халық арасында бұл аурудың жұғу деректері бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Биылғы жылдың төрт айында облыста 39 жағдай анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 дерекке артық. Жалпы, аймақта  947 адам оң мәртебемен өмір сүреді.

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: ВИЧ инфекциясымен ауыратындардың 15 проценті 17 мен 29 жас аралығындағылар болса, 30 жастан 39 жасқа дейінгі ересектер 31 проценті, ал 40 пен 49 жастағылар 30 процентті құрап отыр. Қалған 18 проценті 50 жас және одан асқандар. Оның ішінде 71 проценті ерлер, 29 проценті әйелдер. 

ИНФОГРАФИКА:

Жас ерекшеліктеріне қарай:

17 жастан 29 жасқа дейнгілер -15 %

30 жастан 39 жасқа дейінгілер -31%

40 жастан 49 жасқа дейінгілер -30 %

50 жас және одан асқандар- 18% 

Жынысына қарай:

71 %- ерлер

29 % -әйелдер

СНХ: ГҮЛМИРА СІРӘЖІДЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ: Облыста жыл сайын ВИЧ-инфекциясына барлық тұрғындардың 15 проценті ғана тексеріледі. Ол шамамен 100 мың адамды құрайды. Егер де адамның бұл дертпен ауыратыны неғұрлым тез анықталса, оны емдеуде соғұрлым ерте басталады. Сондай-ақ, инфекцияның таралуын алдын-алуға болады.

РКС: Вирус тұрмыстық қарым-қатынас, қол алысу, құшақтасу кезінде жұқпайды. Бұл бұрыннан дәлелденіп, айтылып жүр. Алайда, бүгінде бұл инфекцияға шалдыққандардан қашып, кемсітетіндер көп. Тіпті, мұндай оқиғалар балалар арасында емес, керісінше ересек кісілердің білместігінен орын алып жатады. ВИЧ-тің оң мәртебесімен өмір сүріп жатқан жасөспірімдер мұғалімдер мен дәрігерлер тарапынан түсініспеушіліктер бар екенін айтады.

СНХ: АИДА МУРАВЬЕВА, ЖАСӨСПІРІМ:  Жақында біз биология сабағында ВИЧ, СПИД тақырыбын өттік. Мені мұғалімнің бізге берген жалған ақпараты таң қалдырды. Яғни, ол бұл дертпен ауыратындарға жоламау қажет, олар қауіпті деген сияқты нәрселер айтты. Мен, әрине, сабақтан кейін оқушыларға барлығын түсіндірмек болдым. Алайда, сонда да балалар мені мазақтап, күле бастады. 

СНХ: РАХЫМ САПАРОВ, ЖАСӨСПІРІМ:  Мен әскерге түрлі құжат тапсырып жүрген кезімде  басқаларға өзімнің ВИЧ-пен ауыратынымды айтқым келген жоқ. Алайда, сол жердегі терапевт дәрігердің төмен біліктілігінің салдарынан бұл туралы бәрі естіді. Өзімді біртүрлі сезіндім.

РКС: Бүгінде мамандар мұндай жағдайлармен күресу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен де, дәрігерлермен де, мұғалімдермен де жұмыс істейтіндерін айтады. Біз әрдайым түрлі семинар, акция, кездесу ұйымдастырамыз. Қарапайым халықтың бұл ауру жайлы көбірек білгенін қалаймыз,-дейді олар.

СНХ:ҚҰРМАНБЕК БҰРМАҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ СПИД-ке ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АЛДЫН-АЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: ВИЧ, СПИД-пен ауратын адамдардың бізден еш айырмашылығы жоқ. Олар тек қана ретровирустық препараттар арқылы ем алады. Олар өте қымбат, сондықтан да оны мемлекет тегін береді.

РКС:Өңірде ВИЧ, СПИД инфекцияларының алдын-алу үшін түрлі акция жоспарланып отыр. Шара барысында тұрғындар вирусқа тестілеу тапсырып, орталықтың мамандарынан кеңес ала алады.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ АНЫҚТАЛҒАН
19:44, 27 мамыр 2022
КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДА 20-ДАН АСТАМ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
19:30, 24 мамыр 2022
РЕФЕРЕНДУМ: 33 БАПҚА 56 ӨЗГЕРІС ЕНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
18:26, 25 мамыр 2022
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ
Толығырақ...
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
18:22, 25 мамыр 2022
ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ 1 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
Толығырақ...