ШҰҒЫЛ! «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ -БАСТЫ МАҚСАТ

19:48, 16 маусым 2022

ДИКТОР: Облыс орталығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төралығымен 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты кеңес өтті. Онда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері болды. Отырысқа онлайн қосылу арқылы елдің басқа да өңірлері қатысты.

РКС: Өңірде 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Басты мақсат- тұрғындардың әлеуетін арттыру. Аймақтың қазіргі жағдайы жаман емес, алайда, мұнымен тоқтап қалуға да болмайды. Жоба аясында бірнеше бағыт қолға алынды. Биыл 444 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бүгінде оның 179 мыңға жуығы іске қосылған. 

СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ,  ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Я хочу отметить, что Акмолинский регион, более 7 миллиардов дополнительно субсидирует вне республиканского бюджета, это все должно пойти в рамках реализации доходов населения, это должен знать народ, 7 миллиардов это сколько рабочих мест, вырастит благосостояние семей, это нужно все рассчитать. скл Но опыт, реальный механизм реализации, выполнения всего плана я вижу на лицо, поэтому по социально-экономическим показателям область занимает лидирующую позицию в Казахстане./// Ақмола облысына мемлекеттік бюджеттен бөлек қосымша 7 миллиард теңге субсидия бөлінді. Бұл қаржы жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әлеуетін арттыруға бағытталмақ. Осының барлығын дұрыстап есептеп, бөлу қажет. Жоспардың шын мәнінде жүзеге асып жатқанын көріп отырмын. Өңір әлеуеметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр.

РКС: Биыл өңірде орташа жалақы мөлшері 22 процентке өскен. Халықтың табысы артқанымен, бұл жеткіліксіз. Жұмыссыздық мәселесін де шешу қажет. Бүгінде оның бірнеше жолы бар. Біріншісі, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау. Өйткені, аймақта кәсіпкерлік дамыса, жаңа жұмыс орындары да ашылмақ. Бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыратыны анық.  Келесі бағыт-ауыл шаруашылығы. Өңір экономикасының негізгі саласы да осы. Бүгінде оны дамыту үшін бірқатар шара қолға алынған.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІҚАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:   В рамках выполнение данного плана запланировано создание семейных хозяйств. Путем вовлечение земель в сельскохозяйственный оборот. И микрокредитование сельского населения. До 2025 года в области планируется создать более 3 тысяч семейных хозяйств. Данная мера позволит создать дополнительно 450 рабочих мест в селах. /// Жоспарды орындау үшін отбасылық шаруашылықтар құруды жоспарлап отырмыз. Ол үшін жай жатқан жерлерді ауыл шаруашылғына қарай тартып, елдімекен тұрғындарына шағын несие бермекпіз. 2025 жылға дейін 3 мыңнан астам отбасылық шаруашылық құрамыз. Бұл ауылдарда қосымша 450 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

РКС: Бүгінде халықтың басым көпшілігі  шалғай жатқан елдімекендерде перспектива жоқ деп ойлайды. Көбі арман қуып үлкен қалаларға ағылады. Мұндай пікірді жоятын уақыт келді. Білікті мамандар мен инвестицияны ауылға тарту қажет. Бүгінде «Ауыл Аманаты» жобасы бастау алды. Алдағы уақытта ел бойынша  2400-ден астам ауыл әкімін оқыту жоспарланып отыр.

СНХ: ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ,  ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Ауылға скрининг өткізу керек. Экономика мүмкіндіктерін анықтау қажет. Былайша айтқанда, барлығын зерттеп, қаржы көздерін нақтылау керек. Жаңа сайланғандар да бар. Оларға қолдау көрсету біздің міндетіміз.

РКС: Өңірде де бұл жоба қарқынды жүзеге асып жатыр. Алдағы уақытта облыс бойынша 200-ден астам ауыл әкімі үшкүндік оқудан өтпек. Алайда, бұл жерде де проблема бар.

СНХ: ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ - "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:  Үшкүндік оқыту аздық етеді. Бізге қолдау керек. Осыны айттым. Партия өз қолына алатын болды. Келесі мәселе. Әкімдер өз құзыретін арттыруды сұрап отыр. Біз сол ауылдағы мәселелерді өзіміз шешетін деңгейге жетсек, бюджеттік проблемаларды да өзіміз қарастырсақ дейтін ұсыныстар бар.

РКС: Іс-шара соңында вице-премьер барлық қабылданып жатқан шаралар мен бастамалар бірінші кезекте халықтың табысын арттыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ДИДАР ӨМІРЗАҚ,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
20:20, 1 шілде 2022
ӨҢІРДЕ ЭХИНОКОККОЗ АУРУЫ БЕЛЕҢ АЛА БАСТАДЫ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
20:19, 1 шілде 2022
БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ 160 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
19:16, 30 маусым 2022
МЕДИЦИНА САЛАСЫНА 73 МЛРД.ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
 «АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
19:31, 28 маусым 2022
«АРҚА ТӨРІ – АҚМОЛА!» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРА...
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
19:32, 28 маусым 2022
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...