ШҰҒЫЛ! 15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ Толығырақ

ІЛКІМДІ ІСТЕР ЖАЛҒАСАДЫ

20:55, 12 сәуір 2021

ДИКТОР: 2017 жылдан бері  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 13 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Ақмола облысында жобаның қалай жүзеге асырылғаны пысықталды.

РКС: 4 жыл ішінде өңірде бағдарламаның барлық бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Әсіресе, білім және ғылым, мәдениет, инфрақұрылымдық даму, әлеуметтік даму сияқты маңызды әлеуметтік бағыттар бойынша 18 арнайы жоба жүзеге асырылды.  

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   ///снхпер/// 1:08/// азаматтық қоғаммен бірлесе жұмыс істеуге баса мән берілді. Осылайша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 29,6 миллион теңге сомасына 6 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы үш жобаны іске асыруға 8 миллион теңге қарастырылған. Барлық мемлекеттік органдарда бағдарламаның барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс  ұйымдастырылды. Ең басты бағыт - "Туған жер"жобасы. Оның аясында өңірдің 190 мың тұрғынын қамтыған  1 900 іс-шара өткізілді.

РКС: Латын әліпбиіне көшу мақсатында облыстың 200 мыңнан астам тұрғыны оқытылды. Бұл - республикадағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. Білім беру жүйесінде 100 мыңнан астам оқушы мен студент атсалысқан  1 500 іс-шара өткізілді. "100 жаңа есім", "Смарт рухани" және "Ақмола облысының киелі нысандар картасы" бағыттары бойынша оң үрдістер байқалуда. Өңірде 2 кафедра мен 44 «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ,  «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ»:///қазақша///Сараптамалық кеңес мүшелері проблемалық мәселелерді бірнеше рет талқылады. Олардың көпшілігі өлкетану, өнер, туризм және спортқа қатысты. Бағдарлама бағыттарының мазмұнын егжей-тегжейлі зерделеді. Әрине, кемшіліктер де, даму сапасы да төмен болды. Қарауға алғаш рет 200-ге жуық жоба келіп түсті, олардың 18-ін пысықтауға жібердік, кейінірек оларды қарап, жетілдірдік.

РКС: Сараптамалық кеңестің мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бағдарламаны ары қарай іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Жиын соңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсене қатысқан қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік орган басшылары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
17:15, 14 мамыр 2021
САУЫН СИЫРЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
17:39, 11 мамыр 2021
РЕСЕЙДІҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ КӨКШЕЛІК КӨРЕРМЕНМЕН ҚАУЫШТЫ
Толығырақ...