ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН

20:06, 3 наурыз 2021

ДК: Ақмола облысында коронавирус індетін жұқтырған науқастар санының азайғаны байқалады. Осыған орай,  облыстың санитарлық бас дәрігері 1 наурызда жарияланған жаңа  қаулыға бірқатар өзгерістер енгізді. Ал, 2 наурыздан бастап вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды. Бұл жолы  3 700 адамға екпе егу жоспарланған.

РКС:Қауіпті кеселге шалдыққан науқастардың  дені Көкшетау қаласында және Бұланды, Бурабай, Жарқайың аудандарында тіркелген. Сондай-ақ, дертті жұқтырған мектеп оқушыларының саны да артып келеді. Яғни, үшінші тоқсанның басынан бері 565 оқушыдан індет анықталған. Екінші кезеңде 223 жағдай белгілі болды. Тек соңғы тәулікте оқушылар арасында 14 дерек тіркелді.Ал, жаңа өзгерістерге сәйкес сауда орталықтары мен базарлардың жұмысы айтарлықтай жеңілдетілді

СНХ:АЙНАГҮЛ МУСИНА – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ/// рус/// Сауда орталықтарына демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Тек адам саны 30 проценттен артық болмауы шарт. Әр сауда дүңгіршегінің белгілі бір талаптары бар. Олар «Инфоказахстанға» тіркеліп,  осы талаптармен таныса алады. Сауда үйлеріндегі балалар ойын алаңдарының жұмысына тиым салынады.

РКС: Шаштараздар мен сұлулық салондарының жұмыс уақытына шектеу қойылмаған. Қалааралық автобустардың қызметі қайта жанданады. Тағы бір өзекті мәселе. Наурыз айының басынан бастап  облыстың барлық аудандарынада жаппай вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ/// рус/// Аймаққа вакцинаның 3700 данасы жеткізілді.  Айдың соңына дейін тағы 7000 данасы келеді деп күтілуде. Вакцинаның сол мөлшерін ескере отырып, арнайы кестеге сай алдымен медицина саласының мамандарына, мұғалімдер мен ішкі істер саласының қызметкерлеріне егілетін болады. Ең бірінші кезекте ақ халатты абзал жандар екпе салдырады. Содан кейін ғана басқа саланың мамандарына екпе қабылдайды.

РКС: Облыстың санитарлық бас дәрігері  өңірдегі  мониторингтік топтардың да жұмысына тоқталды. Соңғы 2 айда олар карантин талаптарын бұзған 203 жағдай және мерекелік шара өткізген 11 дерек анықтаған.  Нәтижесінде 28 миллион теңгеге айыппұл салынды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...