ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА 107 НАУҚАС ЕМ АЛУДА

17:28, 7 сәуір 2021

ДИКТОР: Инфекциялық аурулар орталығы былтыр қараша айында ашылған. Бүгінгі күні мекемеде 1600 пациент ем алуда. Біздің түсірілім тобы қызыл аумаққа кіріп, қазіргі жағдайды көзбен көріп қайтты.

РКС: Қызыл аумаққа кірер алдында толық нұсқаулықпен таныстырды.  Обаға қарсы костюмді дұрыс кию тәртібі түсіндірілді.

РКС: Мұнда жұмыс вахталық әдіспен жүргізіледі. Бір ауысымда 160 қызметкер болады. Оның 26-сы дәрігер, 69-ы медбике мен орта медицина маманы.

СНХ: СӘУЛЕ ЖҰМАТАЕВА, ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: ///рус///Дәрігерлік бригаданы қалыптастыру принципі мультидисциплинарлық бригада үлгісіне негізделген. Яғни, әртүрлі саладағы мамандар бар.  Егер бізде жоқ сала  мамандары қажет бола қалса,  олар қашықтан көмек береді.

РКС: 7 сәуірдегі жағдай бойынша орталықта 107 науқас ем алып жатыр. Оның 13-і жансақтау бөлімінде. Ауыр жағдайдағы науқастардың көпшілігінде қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар. Ең қарт науқас –95 жастағы соғыс ардагері, ең жасы – 27-де.

СНХ: МҰРАТ ЖҰМАНОВ,   ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: ///рус/// Олардың басым бөлігі респираторлық қолдауға мұқтаж. Өкпеге Бобров аппараты, жоғары дәлдіктегі ылғалданған, жылытылған оттегін беру құралдары, инвазивті емес қолдау керек. Құрылғы арқылы оттегі концентрациясы реттелетін қысыммен беріледі.

РКС: Гинекология бөлімінде 150-ге жуық жүкті әйел емделген. Оның 25-ы орталықта босаныпты. Балалардың 30 проценті хирургиялық жолмен дүниеге келген.

СНХ: АРЛАН РАХАТАЕВ,  ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫ АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: ///рус/// Негізінен кесір тілігін жасатуға  қосымша аурулары әсер етеді. Яғни, акушерлік патология. Коронавирус инфекциясы операция жасаудың негізгі себебі емес. Осы бөлімде біз аяғы ауыр әйелдерді коронавирустан емдейміз.  Бізде перзентхана бөлмелері, операция залдары бар. Керек медициналық заттардың бәрі бар.  

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, МЕДЕТ  ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...