ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 29 ПРОЦЕНТКЕ ТӨМЕНДЕДІ

18:36, 8 маусым 2022

ДК: Целиноград ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 10,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 14,7 процентке артты. Экономикалық даму-деңгейінен бөлек, әлеуметтік мәселелерге де көңіл бөлініп отыр.

РКС: Целиноград ауданында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба табысты жүзеге асырылып келеді. Соның негізінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткіште гранттар бөлініп жатыр. Сонымен қатар ауданда ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды даму үстінде.

СНХ: БАҚЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мал шаруашылығы саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді: сиыр басы 5,3%-ға, жылқы басы – 5,6%, қой басы - 3,3, құс басы – 5,2%-ға артты. Есепті кезеңде еттің барлық түрлерін өндіру және сату 9 мың тоннадан астам. Сүт өндіру – 12,5 мың тонна, жұмыртқа өндірісі 6 млн данадан асты.

РКС: Биыл Нұресіл және Төңкеріс ауылдарының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту үшін 685 млн теңге бөлінді. Ал Қызылсуат, Талапкер, Қызылжар және Қаражар ауылдарының кіреберіс жолынан бастап кентішілік жолдарды күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмек. Сондай-ақ, ауданды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мән беріліп отыр.

 

СНХ: БАҚЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:   Газбен жабдықтау жүйесін дамыту аясында Қоянды, Шұбар, Аққайың ауылдарында газ құбыры мен газ тарату желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін Ақмол, Тайтөбе, Қараөткел, Қаражар, Талапкер, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин және «Нұрлы» ӨК ауылдарында газ құбыры мен желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу аяқталады.

РКС: Ең өзекті мәселе – инвестиция тақырыбы. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 процентке төмен. 11,3 миллиард теңге инвестиция ғана тартылған. Ал құрылыс жұмыстары керісінше жоғарылаған. Былтырғыдан 2 есе көп.

ӘСПЕТ КЕНЖЕҚАРА, ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...