ШҰҒЫЛ! ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК Толығырақ

ІРІ ҚАРА МАЛ ЕТІН ЭКСПОРТТАУҒА САЛЫНҒАН ТЫЙЫМ ӨҢІРГЕ ШЫҒЫН КЕЛТІРМЕЙДІ

18:13, 13 қаңтар 2022

ДИКТОР: Қазақстан Үкіметі ірі қара мал етін, картоп пен сәбізді экспорттауға, уақытша тиым салды. Дегенмен, ақмолалық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аталмыш шешімнен айтарлықтай зардап шекпейді. Айта кетейік, агроөнеркәсіп кешені саласындағы экспорттан түсетін кіріс мөлшері 300-350 млн доллар шамасында болады. Өткен жылға шолу жасайтын болсақ, өңірден экспортталған ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 12%ке артыпты. Бізден экспортталатын тауарлардың дені – дәнді және майлы дақылдар, ет, тауық жұмыртқасы. Негізгі өнім импорттаушылар – Ресей, орта және орталық Азия елдері.

РКС: Жыл сайын өңір, шамамен, 2 миллион тонна дәнді және бұршақ дақылдарын экспортқа шығарады. Өткен жылдары орын алған кейбір қиындықтарға байланысты, майлы дақылдар саудаланатын кей жерлер жабылып қалған. Әсіресе, Қытаймен байланыс қиынға соғып тұр,-дейді мамандар.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Облыс ет өнімдерін, құс етін өндіруде біршама алға жылжыды. Ірі жобалардың іске асып жатқанын естідік. Біз, шамамен, 90 тонна құс етін өндіреміз. Бұл өзіміздің қажеттілігімізден бірнеше есе көп. Өйткені, жергілікті тұрғындардың қажеттілігі 10-11 тонна. Өнімдерімізді жақын шет елдерге, яғни, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға экспорттаймыз.

РКС: Ел аумағында ауыл шаруашылығы өнімдері барлық облыстарға жеткізіледі. Экспорт көлемінің артқанына қарамастан, өңірдің негізгі мөлшері елорданы азық-түлікпен қамту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Естеріңізге салсақ, Үкімет ірі қара малды, картоп пен сәбізді экспорттауға уақытша тыйым салған болатын. Бұл шешім бағаның көтерілуіне байланысты нарықты қорғау мақсатында қабылданған.

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Ақмола облысы туралы айтар болсам. Сиыр етін өндірушілер айтарлықтай зардап шекпейді. Өйткені, біздің өңір елордаға ет тасымалдаумен айналысады. Ал, көкөніс, картоп, сәбіз сияқты өнімдерді айтарлықтай көп мөлшерде тасымалдамаймыз.

РКС: 2021 жылдың қорытындысы бойынша, өңірден елордаға 26 мың тонна ет және ет өнімдері,  115 мың тонна сүт өнімі жеткізілген. Бұл, Нұр-Сұлтан тұрғындары қажеттіліктерінің, шамамен, 33%і. Облыста 800 миллион дана жұмыртқа шығарылады, ал тұрғындар қажеттілігі, шамамен, 200 миллион дана. Өнім жақын шет елдерге экспортталады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, НАЗИРА БАЛТАШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕРІК МАНАП «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

 ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
19:58, 27 қаңтар 2022
ЭКОНОМИКАНЫ МОНОПОЛИЯДАН ТАЗАРТУ КЕРЕК
Толығырақ...
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
19:57, 27 қаңтар 2022
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ 35 ТҰРҒЫНЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
19:56, 27 қаңтар 2022
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖОҒАРЫЛАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...