ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ИТТЕРДІ ТӨБЕЛЕСТІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

20:10, 26 қазан 2021

ДИКТОР:  Енді Қазақстанда ит төбелестіруге толықтай тыйым салынбақ.  «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңнамаға   осындай      норма енгізілген. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәжілісте
мәлімдеген еді. Бұл жаңалыққа ақмолалық төбет жанашырлары қарсылық білдірді.
РКС: Темірлан Тоқбай 6 жасынан төбет пен тазы баптайды. «Бабадан қалған жеті қазынаның бірін сақтап қалу – парызым», - дейді. Айтуынша, төбеттерді өзара төбелестіру – тұқымды сақтап қалудың бірден-бір жолы. Өйткені үнемі қасқырмен бетпе-бет  келуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан жаңа заңнамаға  қарсы.

СНХ: ТЕМІРЛАН ТОҚБАЙ, ИТБЕГІ:Сол қасиетті жоғалтып алмас үшін, сол тектілікті, төбеттің қанының тазалығын жоғалтып алмас үшін біз тестілік сынақпен айналысамыз. + Ол жерде арнайы ережелері болады. Егер ит тіс қақса,қашса немесе құйрығын қысса онда ол ұтылды деп саналады. Біз өзіміз кішкентайынан өсірген күшігімізді ешкімге талатып,  өлтірткізіп қоюға жанымыз батпайды. + 01:56 Ақмола облысының төбет жанашырлары осы заңнаманы дұрыстап қарастыруын сұраймыз. Әйтпесе,  біздің қаншама жыл селекция жүргізіп, ТМД елдерінен төбет алдырып, қанын қайта тазартқан еңбегімізді еш кетірердей.

РКС: Бапкерлердің айтуынша, тестілік сынақтың нақты ережелері бар. Төбет ринкке тек 3 жасқа толғанда бірақ шығады. Оған дейін арнайы дайындықтан өтеді. Ит төбелес кезінде мал дәрігері, төрешілер дайын тұрады. Қансырағанша, өлгенше төбелестіруге жол бермейді. Сондықтан төбет төбелесін қазақтың  ұлттық спорты ретінде бекітетін кез келді, - дейді.  

СНХ: БЕРІК ЖҰМАҒҰЛОВ, ИТБЕГІ:  Мысалы кезінде афганский волкодав деген тұқым болған. Оны советүкіметінің кезінде тек көрмелерге ғана алып жүре бастады. Өзінің нақты несімен сынамағаннан кейін ол комнатный, декоративный ит болып кетті. Біздің төбеттеріміз де егер оларды тест сынақтарынан өткізбесе солай болып кетуі мүмкін. + Жауға қарсы шыға алмай қалады.

РКС: Заң әлі қабылданған жоқ. Сондықтан төбет жанашырлары  ұлттық құндылықты сақтау жолында биліктегілер дауысымызды естиді деген үмітте.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, БЕРІК МАНАП, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...