ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

19:40, 13 тамыз 2020

ДК: Қазақ халқы жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған. Қолындағы соңғы дүниесімен бөлісетін мейірімділігімен ерекшеленеді. Елге келген вирустық індет кезінде қайырымдылық жасауға ұмтылған жандардың қатары көбейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын ұйымдастырып, оған бүкіл ел жұмыла кірісті. Сауапты іске аудан  және қала мешіттері де белсене атсалысуда.  

 

РКС: Оттегі концентраторлары бүгінгі күні аса қажетті құрылғыға айналды.   Атбасар аудандық ауруханасына демеушілердің қолдауымен 21 концентратор жеткізілді. Кейін тағы 10 құрылғы сыйға тартылмақ.

 

СНХ: АҚЫЛБЕК СҮЙІНБЕКҰЛЫ,  АТБАСАР АУДАНДЫҚ МЕШІТІНІҢ  ИМАМЫ///ҚАЗ///Біздің тарапымыздан 13 оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл игі іске кәсіпкерлердің де атсалысуы қуантады...

 

РКС: Бір қуантарлығы соңғы күндері еліміз бойынша эпидемиялық ахуал тұрақталып келеді. Атбасарлық ақ халаттылар да індеттің беті қайтып келе жатқанын айтуда.  

 

СНХ: ЗАРЫҚҚАН ШАУБАЕВ, АТБАСАР ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ//аударма///Шілде айының соңында провизорлық стационардағы 150 орынның 127-сінде науқастар жатты. Қазіргі уақытта 37 адам ем алуда. Демеушілер тарапынан үлкен қолдауды сезініп отырмыз.  Олар азық-түлікпен және қажетті медикаменттермен қамтамасыз етіп жатыр.  

 

РКС:  Айта кету керек, жомарт жандар мен жергілікті мешіт қашан да әлеуметтік тұрғыда белсенді. Олар қоғамның өмірінде болып жатқан уақытша қиындықтарды бірге еңсеруге ұмтылуда.   

 

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЕВА, АЛЬМИРА САТЫБАЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...