ШҰҒЫЛ! ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРМЕК Толығырақ

ҚАЛА БОЙЫНША ҚАУІПТІ ІНДЕТ ӨРШІП ТҰР

20:16, 22 қаңтар 2021

ДК: Өңірде эпидахуал әлі де ушығып тұр. Соңғы бір тәулікте облыс бойынша 163  адамнан инфекция анықталған. Соның 88-і Көкшетау қаласында тіркеліп отыр. Яғни, тәуліктік көреткіш бойынша қауіпті кесел жұқтырғандардың саны 1,4 процентке өскен. Дертке шалдыққан науқастардың 60 проценті 18-60 жас аралығындағы жандар. Бұл туралы арнайы өткен брифинг барысында қаланың санитарлық бас дәрігері Қанат Ысқақов мәлімдеді.

РКС: Індет басталғалы бері қала бойынша 3970 науқас тіркелген. Оның 2387-і симтомды болса, 1583-і симтомсыз. Өкінішке орай, 42 адам індеттің құрбаны болды. Бүгінде қауіпті кеселдің алдын-алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Шаһарда короновирус жұқтырғандарды қабылдайтын 5 емдеу мекемесі бар.

СНХ: ҚАНАТ ЫСҚАҚОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ  САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ//аударма//Қаңтар айында 614 адамнан қауіпті кесел анықталды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 448 науқас  ем алып жатыр. Яғни, қаладағы  инфекциялық стационарлардың төсек қоры 83 процентке толық.  Ал,   255 науқас амбулаторлық жағдайда медициналық көмек алып жатыр.  

РКС: Осылайша, дерттің  таралуы бойынша Көкшетау көш бастап тұр. Сәйкесінше, мониторингтік топтардың да жұмысы күшейе түскен. Тек өткен демалыс күндері шаһарда 44 мекеме тексерілді. Нәтижесінде  карантин талаптарын бұзған  18 сауда орны анықталды. Белгіленген бұзушылықтар бойынша 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,  ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТАЛДЫ
20:08, 3 наурыз 2021
ЕКІ ПОЛИЦЕЙДІҢ ӨЛІМІНЕ ӘКЕЛГЕН ЖОЛ АПАТЫНА КІНӘЛІ ЖІГІТ СОТТ...
Толығырақ...
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
20:06, 3 наурыз 2021
ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар