ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

19:26, 21 мамыр 2020

ДИКТОР: Қала  әкімі  Амангелді  Смайылов  Көкшетаудағы мәдениет  және  өнер саласының қызметкерлерін  құттықтады.  Қоғамның рухани байлығын дамытып, дәстүрін сақтауға үлес қосып келе жатқан жандарға  ізгі тілек білдірді.

 

РКС:  Облыс орталығындағы мәдениет саласының қызметкерлері   еліміздегі    төтенше   жағдай   кезінде де жұмысын   тоқтатпай,   халықпен  бірге  жүрді.  Волонтер да болып,  жалғызбасты   қарияларға   көмектесті.  Қала  әкімі  осындай  қоғам айнасы бола білген мамандармен олардың кәсіби мерекесінде  арнайы кездесті.

 

СНХ: АМАНГЕЛДІ   СМАЙЫЛОВ,   КӨКШЕТАУ   ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ///ҚАЗ, РУС/// Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері! Бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз шығармашылық құрметтің белгісі. Тәуелсіз еліміздің мәдениетіне зор үлес қосып, жас  ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, тарихымызды насихаттау, салт дәстүрімізді жаңғыртуда мәдениет пен  өнер саласының алар орны ерекше. Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген адамдарға алғысым зор!

 

РКС: Қала басшысы  бұл күні  мәдениет  және  өнер саласының 20 қызметкеріне  өз атынан Алғыс хат табыстады.  Марапатталғандардың көбі – кітапхана қызметкерлері. 

 

СНХ: ЖАДЫРА  САҒЫНДЫҚОВА,  ЗАҒИП ЖӘНЕ НАШАР КӨРЕТІН АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН  ҚАЛАЛЫҚ  КІТАПХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ///ҚАЗ///Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасында  15 жыл болды жұмыс істеп жатқаныма. Бүгінгі мерекемен барлығыңызды құттықтаймын. + 01:57 Осы кітапхана мамандығын таңдағаныма өте қуаныштымын.  Халықпен жұмыс жасау, өз оқырмандарыңа қызмет көрсету өте ұнайды өзіме.  

 

РКС: Салтанатты  шара  соңы  әуезді әуенмен көңілді нотада аяқталды.

 

Ест.шум (ән айтылады)

 

РКС:  Айта кетейік, жыл сайын мәдениет саласын  дамытуға зор көңіл  бөлінуде. Биыл  «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы  аясында  «Көкше» Мәдениет үйін жөндеуге  республикалық бюджеттен 241 млн.теңге,  «Достар» Мәдениет Сарайының шатырын жөндеуге  78 млн.теңге бөлінген.

 

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...