ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

20:07, 22 қараша 2021

ДК: Демалыс күндері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Жайлау шағын ауданы мен  Красный Яр ауылында ашық есік күні өтті. Тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, денсаулық жағдайына байланысты жәрдем сұрау, тұрғындардың мұң мұқтажы... Бұл – Көкшетау  қаласы әкімінің тұрғындарды қабылдауында көтерілген мәселелердің бір бөлігі. Кездесуде шаhар басшысы әрбір проблеманың шешу жолдарын айтып, барлық талап тілектің назарда болатынын жеткізді.

РКС: Халық сұранысын қанағаттандыруға басымдық берген қала әкімі әр азаматқа жеке уақыт бөліп, әр мәселені мұқият тыңдады.  Қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырған  сауалдарын әкім орынбасарлары мен бөлім басшыларына тікелей қоюға мүмкіндік алды. Көптен бері шешілмей келе жатқан мәселелерін арқалап келгендердің қатарында Жайлау 60б мекен-жайының тұрғындары бар. Олардың айтуларынша, үйдің  кәріз құбырларын тазарту мұңға айналған. Жауапты мекеме мамандары көліктің аздығын алға тартып, тұрғындар өтінішін орындамай келеді.

СНХ: ГҮЛБАРШЫН ӘМІРЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің блогустройный үйдің канализациясы қалалық септикка қосылмаған.Септик индивидуальный. Біз бірнеше рет акиматқа барғанбыз.Бірнеше рет сол сұрақты көтергенбіз.Әне міне деп енді қала әкімінің өзімен кездестік.Енді сол сұрақты шешіп береміз деді.2020 жылдан бері көкше су арнасы тазалап келген.Қазір оларда бір ғана машина қалып біздің үйлерден бас тартты.

ИНТЕРШУМ: Қала әкімі,Бауыржан Ғайса

-Бұл мәселені неге шешпейсіздер?....

РКС: Қабылдауға келген тұрғындардың арасында жеке пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне наразы азаматтар да болды. Түрлі сала өкілдері тұрғындардың талап тілегіне құлақ түріп жинақталған сауалдарды кезең-кезеңмен шешу жолын қарастыратынын айтты.

ИНТЕРШУМ:-Біз  сіздің қабылдауларынызда бірнеше рет болдық тұрғындар,Бізге ең маңыздысы мына бізде балалар саны көп. Енді біз сіздерден өтініпте сұрайтынымыз балалрға футбол алаңы керек.

СНХ: АРУХАН ҰЗАҚБАЕВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін мына әкімнің қабылдауына келгеніме өте қуаныштымын. Жұмыс барысында көптеген мәселелерді мен қатынап баруым керек. Қабылдаудан өттім. Мен жылу мәселесімен келдім үйде суық. Жауаптылар түстен кейін келіп көріп береміз деп уәде берді.

РКС: Әкім тұрғындар тарапынан көтерілген кез келген сауалдың жедел шешілуін назарға алып, жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді.Сонымен қатар мұндай кездесулер әр апта сайын өтетін болады.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,  МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
19:53, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ 4 ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНҒАН
Толығырақ...
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
19:43, 21 қаңтар 2022
ПӘТЕРДІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
19:42, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 94,5% - ҒА ДЕЙІН ӨСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
19:39, 21 қаңтар 2022
ӨҢІРДЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП ТҰР
Толығырақ...