ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕН 3 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ҚАР ШЫҒАРЫЛДЫ

19:32, 11 қаңтар 2021

ДИКТОР: Соңғы күндері толассыз жауған қар қала көшелерінің тазалығы мен облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мекемелерді дүрбелеңге салды. Қазірдің өзінде қаланың орталық көшелерінен 3 мың текше метрге жуық қар шығарылған. 

РКС: Өткен тәулікте жауған қардың қалыңдығы 10-см ге дейін жеткен. Қазір қала ішін қардан тазартуға   5 бригада жұмылдырылған.   

СНХ: ВЛАДИМИР КОРНАТОВСКИЙ, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ ///аударма///Қала көшелерінде 15 қар таситын жүк көлігі, екі қар тазалайтын машина жұмыс істеп жатыр. Түнде көше сыпыратын 4 трактор жаяу жүргіншілер жолын қардан тазартты. Және 4 камаз, 5 зил жүк көлігі тартылды. Олар қаланың орталық көшелерін және бізге бекітілген аумақты қардан тазартуда.  

РКС: Қала көшелерінен бөлек облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарды қардан тазалау жұмыстары да қарқынды жүруде. Ақмола облысында республикалық маңызы бар  2040 шақырымға  жуық тас жолда 12 бригада жолды қардан тазарту жұмыстарын  атқарып жатыр.

СНХ: ТАЛҒАТ ЕРМЕКОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАС МАМАНЫ///аударма///Қазіргі таңда 95 техника қызмет көрсетуде. Оның ішінде 30 техника патрульдік қызметте, қалғаны қар тазалауға тартылды. Олар кеше жауған қарды түнімен тазартып шықты. Мұз қатқан жерлерге тұз бен құм себілді.

РКС: «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары алдағы күндері қатты боран болуын да ескертіп дабыл қағуда. Бұл ретте жол қауіпсіздігі мен қысқы уақытта оқыс оқиғалардың алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент те бірқатар профилактикалық шараларды қолға алған.

СНХ:НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ///аударма///Жедел әрекет ету мақсатында департаменттің жеке құрамы толықтай күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жол талғамайтын 96 көлік дайын тұр. Қар құрсауында қалуы мүмкін мың шақырымдай жолда 390  учаске анықталып, оларға жылыту бекеттері орнатылды. Қазір облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда 890 техника жол қауіпсіздігі қызметін атқаруда.

РКС:Айта кетейік, қыс түскеннен бері құтқарушылар жолда қалған 48 адамға көмек көрсеткен.  Көбінде қар құрсауында қалатын аудандар Ерейментау және Целиноград  аудандары. Өткен жылдардағы тәжірибеге сүйене отырып, қар көп түсетін және елдімекендерден алыс орналасқан жолдарда төтенше жағдайдың алдын алуға барлық шаралар жасалған.

ТАБЫСБЕК ҮСЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАХАНГЕР МҰАМБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
15:04, 5 наурыз 2021
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН НӘЗІК ЖАНДЫЛАР
Толығырақ...
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
15:02, 5 наурыз 2021
БҮГІН – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 155 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
17:48, 26 ақпан 2021
МҮМКІНДІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
20:42, 26 ақпан 2021
ДЕРТКЕ ДАУА БОЛАР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...