ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА «АЛТЫН ШИПАГЕР-2022» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

19:46, 20 маусым 2022

ДК: «Алтын шипагер – 2022» ұлттық медициналық жүлдесінің жеңімпаздары анықталды. 12 номинация бойынша бақ сынаған үздіктер қатарында Көкшетау қалалық емханасы да бар. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттады.

РКС: Емханада бүгінгі күні 91 мыңнан астам тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Оның ішінде 24 мыңға жуығы балалар. Биыл жылдағы дәстүр бойынша өтетін «Алтын шипагер – 2022» ұлттық медициналық жүлдесіне қатысып, додада топ жарды.

СНХ: ҒАЛИЯ САБАТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:  Согласно итогам нас объявили лучшими по Республике Казахстан. В номинации лучшими в тройке были три организации. Это поликлиника города Нур-Султан №9, поликлиника города Семей и нашей поликлиника. Согласно ранжирование, согласно результатов обсуждение комиссии было решено нашей поликлинике было выдвинуто на номинацию «Лучшая организация по медико-санитарной подготовке» Республики Казахстан.///  Қорытынды бойынша бізді республика бойынша үздік деп жариялады. Үздік үштіктің номинациясында үш ұйым болды. Олар Нұр-сұлтан қаласының №9 емханасы, Семей қаласының емханасы және біздің емдеу мекемеміз.  Рейтингке сәйкес, комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының «Медициналық-санитарлық дайындық бойынша үздік ұйым» номинациясына ие болдық.

РКС: Қалалық емханада 800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Оның 140-қа жуығы дәрігер. Орташа медициналық қызметкерлер саны 400-ден астам. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек 60-қа жуық участкеге көрсетіледі. Медициналық қызмет орташа есеппен 1600-ден астам науқасты қамтиды. Емхана бір ауысымда 1000-нан аса науқасты қабылдай алады.

СНХ: РЫСТЫ СЫЗДЫҚ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ № 1 ЕМХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Я работаю в данной поликлинике уже более 20 лет. Очень люблю свою поликлинику. И считаю что она достойна то высокое звание который мы удостоились на Республиканском конкурсе. Мы стараемся все лучшее для наших граждан. Стараемся обеспечить оказать медицинскую помощь в рамках соответствующих нормативных актов.///  Мен бұл емханада 20 жылдан астам жұмыс істеп келемін. Өз емханамды өте жақсы көремін. Республикалық байқауда алған жоғары атаққа лайық деп санаймын. Тұрғындар үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Тиісті нормативтік актілерге сәйкес медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге тырысамыз.

РКС: Дәстүрлі жиында үздік мекемелер мен дәрігерлер бірнеше аталым бойынша марапатталды. Олардың ішінде үздік қалалық стационар, үздік қалалық емхана, аудандық аурухана, үздік жедел жәрдем станциясы, сондай-ақ үздік жоғары және орта арнаулы оқу орындарына дейін бар. Айта кеткен жөн, еліміз бойынша 270 мыңға жуық медицина қызметкері бар. Оның ішінде 80 мыңға жуығы дәрігерлер.

ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, РАХАТ ЖҰМАБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...