
ДК: Көкшетауда қаланы және қала маңындағы жерлерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 15 мамырда көктемгі санитарлық-экологиялық айлық аяқталады. Әрі қарай тілші бейне-материалында.
РКС: Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Сүлейменов, Әуезов, Уәлиханов, Абай көшелерінде және Абылай хан даңғылында жұмыстар жүргізілуде. Ағаштар отырғызылып, бұтақтар шығарылып, 4000-нан астам ағаш әктелді. Бұл жұмыстарға 12 самосвал мен 4 тиегіш жұмылдырылған.
СНХ: ВЛАДИМИР КОРОТОВСКИЙ, «КӨКШЕ ТАЗАЛЫҚ» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕРІ: Қазіргі уақытта «Көкше Тазалық» ЖШС күшімен көшелерді кешенді тазалау жүзеге асырылуда, яғни қала учаскелер бойынша бөлінген, әрқайсысына «Зерен плюс» және «Көкше тазалық» фирмалары бекітілген. Қазіргі уақытта Саин көшесін кешенді тазалау жұмыстары жүргізілуде, оған құрал-саймандарды, көгалдарды тазалау, науалар мен суағарларды тазалау кіреді. Мұның бәрі жұмыс жоспарына байланысты, бізде күн сайын жұмыс жоспары жасалады.
РКС: Сонымен қатар, өңірде «Көкшетау - көкқарағай мекені» экологиялық жобасы жалғасуда. Бұл бастама қала мен қала маңындағы көшелерге ағаш отырғызуды, сондай-ақ экологиялық мәдениетті дамытуды көздейді. Биыл осы акция аясында 25 қарағай көшеті отырғызылды.
СНХ: ҒАЛЫМБЕК БАТТАЛОВ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «БҰҚПА» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІ КММ ДИРЕКТОРЫ: Жас мамандар ағаш отырғызуға көмектеседі, оларға рахмет. Ағаш отырғызу тұрғындар үшін, бүкіл қала үшін маңызды және пайдалы. Менің ойымша, бәрі өседі, тамыр алады. Қаланың жанында орман болуы керек. Енді болашақта орман отырғызып, оны өрттен қорғау керек. Бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын.
РКС: «Көкше тазалық» кәсіпорны көшелерді көктемгі-жазғы уақытта суаруды жоспарлап отыр. Ол үшін 4 суару машинасы іске қосылады. Сенбіліктер жүйелі түрде өткізіледі, жақын арада көгалдарды шабу басталады.
ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ