ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ҚАМБАР АТА ТҰҚЫМЫ АРТҚАН

21:14, 17 қараша 2021

ДК: Жақсы ауданында ауыл шаруашылығы саласының қарқынды дамуына көрсетілетін мемлекеттік қолдау зор.  Ауыл экономикасын көтеру мақсатында соңғы 9 жылда агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамыту үшін салалық бағдарламалар да жүзеге асырылып келеді.

РКС:Соңғы 30 жылда дәнді және бұршақ дақылдарының егіс көлемі 2 есеге артқан. Мұнымен қоса, төрт түліктің көбейгені де байқалып отыр. Аграрлық сектордың даму деңгейі әлеуметтік жағдайға әсерін тигізген. Ауыл шаруашылығындағы әлеуетті жобалардың арқасында шаруақожалықтарының да жағдайы біршама жақсарған. Қазіргі ашық әлемдік экономика жағдайында жұмыс істеуге бейімделе бастаған еліміздің ауыл шаруашылығы саласы өзінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ететін жаңа кезеңге аяқ басты. Ауданда 1999 жылдан бері асыл тұқымды мал басының да көбеюі байқалып отыр.

СНХ: ЛӘЗЗАТ СЕЙДАХМЕТОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мал шаруашылығы саласында 1999-2020 жылдар аралығында шаруашылықтардың барлық санаттарында мал мен құс басының өсімі байқалады. Соның ішінде ірі қара малдың – 39,3, қой мен ешкі – 173,6, жылқы – 114,6  процентке, құстың саны 15,6 процентке артты. 

РКС: Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ИНФОГРАФИКА: 1991 жылы дәнді және бұршақ дақылдарының үлесі 213 мың гектардан асса, 2021 жылы 452,4 мың га  құрап отыр. 2005-2021 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6 есе өсіп, 634,9 процентті құрады.

ГРАФИКА:  (Дәнді және бұршақ дақылының фотосы) немесе (зерновыми и зернобобовыми фото)

1991 жыл – 213 мың га

2021 жыл – 452,4 мың га

2005-2021 жж. (стрелка жоғары қарап тұрсын) - 6 есе

Өнім көлемі – 634,9 %

СНХ: ЛӘЗЗАТ СЕЙДАХМЕТОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мол өнім алу үшін ылғал үнемдейтін технологияларды енгізу, минералды тыңайтқыштарды қолдану, тұқым шаруашылығының агротехникалық әдістерін жетілдіру  секілді шараларды жүргіздік. Сонымен қатар,   ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жаңа жоғары өнімді сорттарын пайдаланып келеміз. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер  құны 8,8 миллиард теңгеге 98 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш сатып алды. Бұл шаралар тұрақты түрде 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. 

РКС: Машина-трактор паркін жаңарту бағытында 1991 жылдан 2020 жылға дейін 332 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлері сатып алынған. Әсіресе, жоғары сапалы техникаларды сатып алу – басты назарда.

 ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ӘСЕЛ ЖАҢАБЕРГЕНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...