ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ 400 АДАМ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСТІ Толығырақ

ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА ЕРЕКШЕ ОТА ЖАСАЛАДЫ

21:03, 15 қараша 2021

 

ДИКТОР: Облыстық көпсалалы ауруханада ақ халаттыларға арналған шеберлік сағаты өтті. Оның барысында Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы шақыртылған қан тамыры хирургі Азат Чинариев науқастарға ота жасады. Ерекше әдіспен жасалатын отаны біздің түсіру топ та көріп қайтты.  

РКС: Отаның мұндай түрі көптеген шет мемлекеттерде бұрыннан жасалып келеді. Алғаш рет 20 жыл бұрын өткізіліпті. Ал, Қазақстанда 2015 жылдан бері белсенді түрде жүзеге асуда. Әрине, жыл өткен сайын жасалу жолдары да түрленіп, жаңаруда. Қазіргі таңда, еліміздің ірі қалаларында жеке клиникаларда жасалады. Ал, мемлекеттік емханаларда енді-енді қолға алынып жатыр.

СНХ: АЗАТ ЧИНАРИЕВ, «ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ РЕНТГЕНОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл отаның артықшылығы неде? Ол бір ғана кішкентай тесік арқылы, жергілікті анестезиямен жасалады. Науқас маманға қаралып, аяқ тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясын жасайды. Содан кейін дәрігер қорытынды шығарады. Науқасқа ота қажет пе, жоқ па соны анықтайды. Егер ота қажет болса, науқас ауруханаға жатқызылады. Ал, ота жасалғасын 30-40 минуттан кейін-ақ емделуші тұрып, жүре алады.

РКС: Варикозды тамырлардың эндовазальды лазерлік коагуляциясын жүргізу - заманауи әдіс болып табылады. Оның көмегімен варикозды тамырлар лазерлік сәулеленудің жылу энергиясы арқылы жойылады. Хирургиялық араласудың бұл түрі отаны кесусіз жасауға мүмкіндік береді.

СНХ: МАРАЛБЕК ЖИНАЛЫС, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ АНГИОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ ///қазақша///

РКС: Дәрігерлердің айтуларынша, соңғы уақытта жастар, тіпті балалар арасында да тамыр аурулары жиі кездеседі екен. Аталмыш отаны жасауда науқастың жасына шектеу қойылмайды. Бүгінгі таңда бұл процедура тамыр ауруларын емдеудің ең тиімді әрі таптырмас әдісі болып табылады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ  ӨСЕДІ
17:50, 19 тамыз 2022
МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 60% ПРОЦЕНТКЕ ӨСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
19:07, 15 тамыз 2022
ОБЛЫСТА 68 КӘСІПОРЫН АСТЫҚ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН
Толығырақ...