ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ ЖІТІ НАЗАРДА

19:26, 21 мамыр 2020

      

ДК: Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері құқық қорғау органдарының мамандарымен бірлесіп рейдке шықты. Шара  барысында Ақмола облысы бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына  сәйкес санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сауда орындарына баса назар аударылады. Ертеңнен бастап аталған талаптарды бұзған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шаралар қолданылады.

РКС: 27 сәуірден бастап карантиндік шектеулер біртіндеп жеңілдетілді: қызметі тоқтаған нысандар ашылып, олардың жұмыс істеу уақыты ұзарды. 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі аяқталды, десе де  карантин талаптары әлі де сақталады. Қауіпті індеттің  таралуының алдын-алу мақсатында облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары арнайы мобильді топтар құрды. Олар өңірдегі барлық аймақта жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлердің көбіне хабарландырылды..

СНХ: СӘУЛЕ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ/аударма// Ертеңнен бастап рейдтер бірдей мобильді топтарда, бірақ әкімшілік шаралармен жүргізілетін болады. Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

 

РКС: Айта кету керек, олар тек саудагерлерді ғана емес, сонымен қатар базарға сауда жасауға келген қарапайым тұрғындарға да ескерту жасайды.

ЕСТ. ШУМ. Предупреждение покупателей

СНХ: АЛЁНА КОЗЛОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР//қаз/// Төтенше жағдай аяқталды., карантиндік шаралар әлі де жалғасуда, сондықтан тұтынушылар  маскамен келеді. Біз қолғап киіп жұмыс істейміз. Маска мен қолғапты ауыстырып отырамыз. Күніне 2 рет дезинфекциялау жұмыстарын жүргіземіз. Біз алдын-ала клиентке қызмет көрсетуге бара жатқанда, одан маска киюін талап етеміз.

 

РКС: Барлық айтылған талаптардың бәрі жіті түсіндірілді. Санитарлық шараларды сақтамағаны үшін кәсіпкерлерге бұдан былай айыппұл салынады.  Яғни, шағын кәсіпкерлік нысандар – жүз айлық, орташа - екі жүз елу және ірі кәсіпорындар - бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Мамандар тәртіп бұзушылықтар жүйелі түрде тіркелсе,  карантин режимі  созылатынын айтады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, РАМИЛЬ ДУСУМОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...