ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ҚАРТТАРЫМ АМАН-САУ ЖҮРШІ...

18:46, 7 қазан 2021

 

Диктор: Аршалы ауданы бойынша 3977 зейнеткер бар. Олардың басым бөлігі қазыналы қариялар. Осынау абзал жандарды қолдау айлығы басталысымен аудан басшылығы бірнеше еңбек ардагерінің отбасына арнайы келіп, сый-сияпаттар жасады.

РКС: Ақбұлақ ауылының қарт тұрғындары Владимир мен Тамара Каркуновтар да өздерін құттықтап келген аудан әкімі Айдар Баймановқа шексіз ризашылықтарын білдірді.

РКС: Жетпістің бел ортасындағы Балтабай Смаилов жоғары білімді мал дәрігері. Ол 1998 жылы Аршалы ауданына қоныс аударып өз қызметін табысты жалғастырды. Зейнеткер қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады.

РКС: 91 жастағы Александра Овсиенко ұзақ жылдар бойы медицина саласында қызмет атқарды. Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып отырған әжей әдемі қартайып, әулетінің аялы алақаны сезінуде. Жұмыс соңына қарай бірнеше қазыналы қарияның отбасында болып, олардың тұрмыс жағдайымен танысқан аудан әкімнің сауапқа кенелгені сөзсіз.

СНХ: АЙДАР БАЙМАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Біздің бүгінгі шат-шадыман бақытты күн кешіп жатқанымыз аға буын өкілдерінің арқасында. Олар бастарынан небір қиыншылықты өткізді. Ұл-қыздарын, немере-шөберелерін тәрбиелеп өсірді. Тәуелсіз еліміздің ірге тасын қалаған қарттарымызды мереке кезінде емес, күн сайын марапаттасақ та артық емес.

РКС: Қазыналы қариялар қашанда жас ұрпақтың ұлықтап өтер ұлылары. Оны біз Аршалы ауданында атқарылып жатқан игілікті істерден сезіндік.

Тақырып бойынша материалдар

 ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
19:45, 30 қараша 2021
ҮЗДІК ЭКСКУРСОВОДТАР КӨКШЕТАУДА БАС ҚОСТЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
19:45, 30 қараша 2021
ЕЛБАСЫНЫҢ СҮЙІКТІ ӘНІНЕН ФЛЕШМОБ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
22:35, 26 қараша 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Толығырақ...
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
19:56, 24 қараша 2021
ЗАҢҒАР ТАУЛАР МЕН АЙДЫН КӨЛГЕ БАЙ ӨЛКЕ
Толығырақ...