ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

КАВАСАКИ ДЕРТІНІҢ ҚАУПІ

19:39, 13 тамыз 2020

ДИКТОР:  Қазақстанда науқас үш балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылды. Ол Алматы, Нұр-Сұлтан, Петропавл қалаларында тіркелген. Ақмола облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде емделуші бір балада да аталмыш синдромның болуы мүмкін деген күдік бар.

РКС: Кавасаки синдромына шалдығуы мүмкін деген көкшетаулық науқас баланың денсаулығы аса қатаң бақылауда. Қазір алты жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Толық тексеруден кейін емдеу шарасы басталмақ.  Жалпы Кавасаки синдромы көбінесе балаларда кездеседі. Бұл – вирустық инфекция жұқтырған соң асқынады. Қазіргі жағдайда оны Ковид-19 вирусымен байланыстыруда. Мұны көп жүйелі қабыну синдромы немесе Кавасаки деп атайды.

СНХ: ВИКТОРИЯ ПИЧКУНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:///аударма///Оның клиникалық белгілері мынадай: бұл дене қызуы ешқандай дәрілерге бағынбайтын, медициналық бақылауға көнбейтін фебриальді безгек. Денеде, алақанда, табанда және денесінде бөртпелер пайда болады. Бұлшық еттер мен буындардың қақсауы байқалады. Тіпті іштің ауырсынуы соқырішекке ұқсайды. Сонымен қатар, құсу, іш өтуі жиілейді. Кеуде қуысы мен жрек тұсында ауырсыну болады. Науқастың сыртқы келбетіне келер болсақ, ерні алқызыл түске боялады.    

РКС: Өңірдегі коронавирус инфекциясының таралуы қатаң бақылауда. Бүгінде эпидахуал тұрақты.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ://аударма//:Бүгінде инфекциялық және провизорлық стационарлардағы орын саны 50 процентке азайған. Балалар арасында індет жұқтырғандар саны – 215. Көбі сырқаттың жеңіл түрімен ауырған.

РКС: Вирустан кейінгі Каваски синдромының белең алуы үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Ата-аналар баланың денсаулығына сақ болуы тиіс. Карантин талаптарын ұстанып, маска киіп жүрген абзал,-дейді мамандар.  

 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, АЛЬМИРА САТЫБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...