ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕГІ БІРНЕШЕ КӨЛ ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫНА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗ

14:09, 10 маусым 2021

ДК: Тәуелсіздік еңбегі еленбей, есімі аталмай келген көптеген қазақ азаматтарының лайықты тарихи бағасын алуына жол ашты. Олардың бірі - ХХ ғасырдың бас кезеңінде Ақмола өңірінде ағартушылықпен айналысқан ұстаз Мұхамеджан Ниязов.  Облыс әкімі жанындағы Тарихи және мәдени ескертіштерді қорғау жөніндегі комиссия артына өшпез із қалдырған педагогқа Үлгі ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мемориалдық тақта орнату туралы шешім қабылдады.

РКС: Мұхамеджан Мұсабайұлы Ниязов - 1885 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Игілік ауылында дүниеге келген. Жасынан білімге құштар азамат ауыл молдаларынан сауат ашып, 1912 жылы Троицк қаласындағы мұғалімдер әзірлеу курсына оқуға түседі. Кейін Қазан, Челябі, Қызылжар қалаларында бастауыш сынып мұғалімі ретінде білімін шыңдаған. Ол ХХ ғасырдың басында қазақ арасында білім-ғылымды насихаттап, осы жолда Алаш қайраткері Сәбит Дөнентаев тәрізді жастарға үлгі көрсетті. Мемориалдық тақтаны ұстаздың қызы Баян Ниязова және  аудан әкімінің орынбасары Орынбасар Ахметова ашты.

РКС: Мұхамеджан Ниязов Көкшетау облысының Қыстау Қарағай ауылында, Қайрақты елді мекенінде мектеп салдырып, оларды ашып, ауыл балаларын оқытқан. Бұл ұстаз болудағы арманын іске асырудың бастамасы еді. Еңбекшілдер ауданындағы Сәуле,  Құдықағаш, Ұйымшыл, Қызылұйым, Мәдениет, Казгородок ауылдарында мектеп ашып ондағы оқу процесстерін қалыптастырып, келесі мұғалімдерге жол көрсетті.

СНХ: БАЯН НИЯЗОВА, ҚЫЗЫ ///қазақша///Әкеміз жетімдер үйінде қызмет атқарып жүріп, қысымшылық та көрді. Ол өзі қуғындалған жылдарыв балалары осы жетімдер үйінде тәрбиеленді. Биыл ерекше жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Бұл жыл барша елімізге, ел тізгігін ұстаған басшыларға берекелі болсын, еңбектеріңіз жансын, ақ жол тілеймін!

РКС: Қайраткер Казгородок орта мектебінің негізін қалап, кейін сол мектепте оқу ісін басқарған. Шалғай ауылдардан қатынап оқитын балаларға интернат үйін салдырып, оның меңгерушісі қызметін атқарды. Кемеңгер ұстаз Казгородоктағы жетім балалар үйінің директоры болып, ондағы оқу процесін еңбекке тәрбиелеумен ұштастырған. Қайраткер жалпы саны 18 білім ошағын ашқан.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ.  «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
14:06, 18 маусым 2021
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖАҢА ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДЫ БҮЛДІРДІ
Толығырақ...