ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҚАЗАҚ ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ- РОЗА БАҒЛАНОВА

19:53, 15 маусым 2022

ДИКТОР: Облыстық филармонияның 75-ші маусымының жабылуы аясында Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Іңкәр дүние» концерті өтті. Кенжебек Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестері мен танымал әншілер тарихи тұлғаның әндерін жаңғыртып, Көкше жұртына тарту етті.

ИНТЕРШУМ: «Ақ маңдайлым» әні

СНХ:  ГҮЛЖАН АХМЕТОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: Біз бүгін Роза апамыздың оннан астам шығармасын орындадық. Оның ішінде күй де, халық әндері де бар. Барлығы бізге бала кезімізден таныс, бойымызға сіңген.  Cондықтан да, бұл туындаларды орындау бізге қиын болған жоқ. Концерт жоғары деңгейде өтті.

РКС: Ән әлемінің падишасы, Кеңес Одағының халық әртісі, Халық қаһарманы, қайталанбас ғажап дауыс иесі, ұлы әнші. Бүгінде халық Роза Бағланованы осылай еске алады. Алайда, ол атақ-даңқы бар әлемге жайылған талант иесі ғана емес,  жез таңдай әнші-тарихи тұлға. Халық әртісі өмірінің 70 жылынан астамын сахнада өткізіп, әлемнің 50-ден аса елінде болып 25 тілде ән шырқаған.

СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ӘНШІСІ: Роза апамыз бар қазақты өз өнерімен тәнті еткен. Ол  халықты рухани азыққа бөлеген ұлы тұлға. Соғыс жылдарында халықтың енсесін көтерді. +скл+ Оның қайсарлығы да бар. Күміс көмей әншінің Арал теңізі, қазақ тілі мәселесі, ел жағдайы жайлы айтқан ойлары қазіргі өнерпаздар үшін үлгі.

РКС: Жылдар өткен сайын халықтың ерекше дарын иесіне деген сағынышы да үдей түскен. Сондықтан да, артынан қайталанбас із қалдырған тарихи тұлғаның әндерін тыңдауға келген халықтың қарасы қалың. Солардың бірі-Қайыржан Қожахмет. Ол күміс көмей әншінің көзін көріп, Роза Бағланованың қайталанбас өнеріне куә болған.

СНХ: ҚАЙЫРЖАН ҚОЖАХМЕТ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ол кісі мен Алматыда оқыған кезде біздің мектепке келіп концерт қойған. Сонда амандасып, ол кісінің қолын алып, таныстым. Сондай адамгершілігі мол, кішіпейіл, жақсы адам. +скл+  Бала кезімізден осы кісінің шығармаларын бойымызға сіңіріп өстік. Оның туындылары рух сыйлайды, қуантып та, жылатып та алады. Бүгінгі концерттен де керемет әсер алдым.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

«АҚ БИДАЙ»  ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
19:11, 12 тамыз 2022
«АҚ БИДАЙ» ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
19:11, 12 тамыз 2022
ТӨЛЕМ ЕНГІЗУДІҢ БАЛАМА ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
19:10, 12 тамыз 2022
ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...