ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚ: «ҚАНТТЫҢ БАҒАСЫ – 1000 ТЕҢГЕ» Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

20:54, 14 маусым 2022

ДК: Мемлекеттік тілдің қолдану аясы жыл санап кеңейіп келеді.  Әсіресе соңғы жылдары түрлі этнос өкілдері арасындағы қазақ тіліне деген құрмет пен белсенділік көңіл қуантады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының XXV сессиясында Ермек Маржықпаев атап өтті. Сонымен қатар, облыстық ассамблея төрағасы  осы бағыттағы жұмыстарды саралап, жоспарларды айқындады. Жиында Мемлекет басшысының алға қойған саяси реформалары  жан-жақты талқыланып, облыстық Ассамблея құрамына жаңа мүшелер қабылданды.

ЕСТ.ШУМ: ӘНҰРАН

РКС: Ассамблея сессиясы әдеттігедей Әнұраннан басталды. Кейін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен сессиядағы ауқымды жобалар талқыланды. Яғни, онда сайлау жүйесінің реформалары, «Ұлттық құрылтай», этносаясат, этномедиация, әлеуметтік желілер, бүкілхалықтық референдум, Жаңа Қазақстан сынды  бірқатар  ауқымды мәселелер бар. Осы ретте облыстық ассамблея төрағасы  осы бастаманың барлығы елдің жарқын болашағының басты кепілі екендігіне сенім білдірді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақстан халқы Ассамблеясының 31 сессиясында тарихи өзгерістер орын алды. Еліміз саяси жаңару жолына түсті.  Саяси реформалардың алғашқы күндерінен бастап, Ассамблея оларды алға жылжытудың маңызды әрі сенімді ресурстарының бірі болды. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде өткізілген Ассамблеяның 31-ші сессиясы тақырыптық алаңдарда кең және ашық талқылау форматында еліміздің тарихында алғашқы рет өткізілді.

РКС: Иә, Мемлекет басшысының осы үндеуінен кейін елде жаңа құбылыс пайда болды. Жалпы халықтық референдум ұйымдастырылды.  Саяси науқанға өңір тұрғындарының 77 проценті қатысты. Президент көтерген тағы бір өзекті мәселе  - этносаралық саладығы түйткілдер. Бүгінде осы бағыттағы ағартушылық жұмыстарын күшейту маңызды. Сол себепті әр аймақта Ассамблея жанынан ғылыми-сараптама тобы құрылған. Ал, аймақтағы осы топ мүшелері этносаралық саладағы проблемалық мәселелерді және өзекті үрдістерді терең зерделеу бойынша жұмыстарды бастап кеткен.

СНХ: МАРАТ ӨТЕГЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОПТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазірден тобымыздың отырыстары кеңейтілген форматта өткізілуде. Айта өту керек, осындай кеңейтілген отырыс ағымдағы жылы 5 мамырда өтіп, оған этномәдени орталықтардың өкілдері шақырылып бүгінгі күні қоғамда, оның ішінде нақты Ақмола облысында қордаланған әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағартушылық мәселелер талқыланып ұсыныстар жасалды.

РКС: Жаңа бастамаларға сәйкес тың деректер мен ақпарат көздері күн санап көбейіп келеді. Десе де бірегей ақпаратты мемлекеттік тілде кеңінен таратуға екпін түсірген абзал. Осы өткір мәселені де Президент сессияда қадап тапсырды. Айталық, бүгінде облыс бойынша мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтап, өрісі кеңейіп келеді. Бұған басқа ұлт өкілдері де жұмыла атсалысуда.

СНХ: МИЛАНА ТАРАСОВА,  МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Менің балалық шақтағы арманымның бірі - жоғары оқу орнына түскеннен кейін қазақ тілін оқытатын курс ашу болатын. Осы бір кішігірім арманым орындалып,  курс ашқаныма жарты жылдан артық уақыт болды. Курс адамдардың қандай этнос екені мен жасына қарамай өтіледі. Сабақты беріп жатқан уақыт аралығында оқушылардың сөз байлығының жетпеуі, үй тапсырмасын түсінбеуі, қазақ тілінің көптеген заңдылықтарын жетік білмеуі сынды көп қиындықтар мен мәселелер кездеседі. Қазір менің  11 оқушым бар, әрбір оқушымен мен жеке-тұлғалық жұмыс жасаймын, оқушылар алғашқы нәтижесін 1-2 айдан кейін көрсетеді.

РКС: Сондай-ақ, жиын барысында Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің жұмысы мен жоспары талқыланды. Бұдан бөлек, облыстық Ассамблея құрамына тағы 9 адам қабылданды. Осылайша, олардың саны 109-ға жетті. Ассамблея мүшелеріне Ермек Маржықпаев осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, нақты жобаларды жүзеге асыруды жүктеді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАРНА ТӨЛЕМЕГЕН
18:57, 10 тамыз 2022
93 МЫҢНАН АСА АҚМОЛАЛЫҚ МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚ...
Толығырақ...
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
19:10, 10 тамыз 2022
«JAS CAMP AQMOLA – 2022» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...