
ДИКТОР: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңі басталды. Байқауға өтінім қабылдау 15 наурызға дейін ашық. Жобаның мақсаты мен талаптары туралы толығырақ келесі бейнематериалда.
РКС: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тәуелсіздік жылдарында сан салада жетістікке жеткен үздіктерді анықтап, оларды қалың елге үлгі етуге бағытталған. Елбасының бастамасымен 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жобаның үш кезеңіне республикада 5 мыңға жуық азамат қатысып, арасындағы ең үздік жүздігі анықталған.
СНХ: АРХАТ АЙБАБИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ АРНАЙЫ ЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: / қаз/ 01:19 Ақмола облысында 300-ге жуық адам қатысты осы үш жылдың арасында. Және де 9 адам жеңімпаз атанды. Ол адамдар тек қана облыста емес, республикада танымал адамдар.+скл 03:24 Бұрынғы жылдары байқау 5 бағыт бойынша өткізілген болатын. Биылғы жылы 7 бағыт бойынша өткізіледі.
РКС: Иә, осы жылы жобаға медицина қызметкерлері мен экология бағытындағы өтінімдер де қабылданбақ. Қатысуға ниетті жандар алдымен 100janaesim.ruh.kz сайтына білім беру, ғылым және инновация, медицина, мәдениет және спорт, экология, бизнес, қоғам салалары бойынша 15 наурызға дейін өтінім қалдыру қажет. Байқауда белгіленбеген басқа салалар бойынша үміткерлер «қоғам» аталымы арқылы ұсыныс жібере алады. Негізгі шарт – жалған ақпарат ұсынбау. Сайтқа келіп түскен ақпараттар сүзгіден өткен соң, жалпыхалықтық онлайн дауыс беру арқылы үздіктер анықталады.
СНХ: АРХАТ АЙБАБИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ АРНАЙЫ ЖОБАЛАР БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: / қаз/ 06:51 Бүгінгі таңда 100-ге жуық өтінім уже бізге келіп түсті. + Халықтың өзінің жетістіктерін көрсетуге ынталары бар. Бұл қуантарлық жағдай.
РКС: Жобаға елде және жырақта тұратын қазақстандықтар қатыса алады. Онлайн дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған әрі қазылар алқасының таңдауына ілінген үміткерлер жеңімпаз атанбақ. Байқаудың бұрынғы жеңімпаздары биыл қазылар алқасының құрамында болмақ. Ұйымдастырушылар байқау кезеңдерінде жалған ақпарат ұсынып, дауыс беруде фальсификацияға иек артқандар жарыстан шеттетілетінін ескертті.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ПАВЕЛЬ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ