ШҰҒЫЛ! 13 СӘУІРДЕ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЗЫЛ КІТАБЫ ҮШ ЖАНУАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

18:02, 8 сәуір 2021

ДК: Қазақстан аумағы табиғи ресурстар мен жануарлар дүниесіне бай мемлекет. Алайда браконьерлік пен адамдардың тіршілік ету ортасының тазалығына немқұрайлы қарауының салдарынан  кей жануарлардың түрі жойылуға шақ қалды. Мәселенің мән-жайы тілшіміз Камила Әбділманованың бейнематериалында.

РКС: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанның Қызыл кітабы үш жануармен толыққандығы туралы мәлімдеді. Бұл тізімге жолбарыс, Оңтүстік - Батыс Азия қабыланы мен  керқұлан кіріп отыр. Олар Ақмола облысының аумағын мекендемесе де, өңірде қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстардың 20-дан астам түрі кездеседі.

СНХ: АЙНА ӘУБӘКІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ//ҚАЗ// Ең ірі жабайы тау қойының түрі Арқар  Ерейментау ауданында «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін мекен етеді. Былтыр оның саны Ақмола облысының аумағында 408 дарақты құрады. Бурабай , Сандықтау, Зеренді және Бұланды ауданының орманында сусарлар кездеседі. Тың дала ормандарында безгелдек өмір сүреді. Қорғалжын қорығының аумағында қоқиқаз ұя салады. Сонымен қатар, облыс аумағында ақбас тырна, сұңқылдақ аққу, бүркіт, ақ құйрықты бүркіт, бұйра бірқазан, дала қыраны және басқа да құстардың түрі мекендейді.

РКС:  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнің 337-бабы бойынша заңсыз аңшылықпен айналысқандарға үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру  жазасы қарастырылған.

СНХ: АЙНА ӘУБӘКІРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ //ҚАЗ// Соңғы жылдары Қазақстанның Қызыл кітабына енген жабайы жануарларға қатысты браконьерлік фактілер тіркелген жоқ. Тағы атап өтетіні, Ақмола аумағында жабайы үйректерге және қырмандағы саңырау құр мен құрдың аталықтарын аулауға 2021 жылғы 20 сәуірден бастап 4 мамыр аралығында көктемгі аң аулауды жүргізу мерзімі бекітілді.

РКС: Қызыл кітапқа енген жануарлардың 80 проценті адам қолымен жасалған әрекеттердің салдарынан сиреп кеткен.  Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 400-ге жуық түрі мен омыртқалы жануарлардың 133 түрі енген.

КАМИЛА АБДЕЛЬМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
20:57, 12 сәуір 2021
ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЕКПЕ ЕГУ ПУНКТІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
13:56, 7 сәуір 2021
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ Е.ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Толығырақ...
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
17:58, 6 сәуір 2021
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2021» ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...